Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елбасы елдегі жағдайды мұқият бақылап отыр,- А.Үкібай

AstanaTV
27.03.2020ж. 20:00
2396
Елбасы елдегі жағдайды мұқият бақылап отыр,- А.Үкібай

Елбасы елдегі жағдайды мұқият бақылап отыр. Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай осыны жеткізді. Оның сөзінше, Елбасы маңызды саяси шешімдерді талқылауға қатысып, ел Президентіне қолдау көрсетуде. Ал өзекті ақпараттарды оған Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы жеткізеді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қысылтаяң кезде ел азаматтарына көмек қолын созумен айналысып жатқан "Nur Otan" партиясының қызметін де үйлестіріп отыр. «Birgemiz» қоғамдық қорының жұмысын да бақылауға алған. Бұдан бөлек, әлемдік экономиканы зерттеп, жаһандық мәселелердің Қазақстанға теріс ықпал етуі бойынша талдау жұмыстарын күшейтуді тапсырған.

А. Мүтәлі