Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

VIP ұшақпен Германияға барып қайтқан нұрсұлтандық судьяға қатысты тексеріс басталды

AstanaTV
27.03.2020ж. 20:00
2034
VIP ұшақпен Германияға барып қайтқан нұрсұлтандық судьяға қатысты тексеріс басталды

Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Барпибаевтың Германияға жеке ұшақпен барып қайтқаны туралы ақпарат расталды. Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мамандары тексерісті бастапты. Олардың дерегінше, мәртебелі судьяға жеке ұшақты кәсіпкер туысы жалдап берген.

Жазира ЖЫЛҚЫШИЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ СЖҚК ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратқа қатысты тексеріс жүргізілуде. Тексеріс барысында анықталғаны. Жеке ұшақты Германияда медициналық ота жасау үшін Барпибаевтың туысы, кәсіпкер жалдаған. Бүгінгі таңда сот әдебі бойынша жоғарғы сот жанындағы комиссия қарауында. Нәтижесі бойынша ақпарат берілетін болады.

Ұшақты судья өз ақшасына жалдаған жағдайда немесе сот әдебі сақталмағаны расталса қандай жазаға тартылатыны белгісіз. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, бұл сауалды жауапсыз қалдырды.

Д. Мұхаммедкәрім