Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтөбеде 9 жастағы баланы зорлаған қаскөй 23 жылға бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
27.03.2020ж. 20:00
2641
Ақтөбеде 9 жастағы баланы зорлаған қаскөй 23 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде бүгін екі бірдей педофилге үкім шықты. 9 жастағы қыз баланы зорлаған қаскөй 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Ал жазғы лагерде балаларға тиіспек болған тәлімгер де 10 жылға сотталды.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Елдегі Төтенше жағдайға байланысты бұл екі сотта жабық режимде өтті. Сотқа тіпті сотталушылардың өздері онлайн қатысты. Үш айдан астам уақыт тергеліп тексерілген іске бүгін соңғы нүкте қойылды.

Еске сала кетсек, бұл оқиға өткен жылдың 12 желтоқсанында Темір жол вокзалы маңындағы көп қабатты үйде болды. Мектептен қайтқан оқушыны қасқой, үйіне дейін аңдып барып, кейін алдап пәтірені кірген. Қорланған қызды әкесі тауып алған еді. 9 жастағы қызды зорлаған 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Мейрамханада аспаз болған айыпталушы бір аптадан соң өз үйінде ұсталды. Оған қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен айып тағылды.

Анар АЙТЖАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Санжар Құрманов көрінеу жас бала жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып, оған күш қолданып зорлағаны және сексуалдық сипаттағы зорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотпен 23 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 5 млн теңге моральдық зиян өңдірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Екінші жағдай бойынша да, сот шешімі жария болды. «Восток-Ақтөбе» лагерінің бұрыңғы тәлімгері - 22 жастағы қала тұрғыны - балаларға азғындық жасамақ болған  деген күдікке іліккен еді. Сот үкімімен ол Қылмыстық Кодекстің 124-бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танылды. 10 жылға бас бастандығынан айырылды. Сонымен қатар, бұрынғы тәлімгерге, педагогикалық лауазымдар және кәмелетке толмағандармен мүлде жұмыс істеуге тыйым салынды.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Айта кету керек, бұл 22 жастағы студентке қатысты жеті бірдей ата-ана арыз жазған.   Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Екі жағдай бойынша да тараптар апелляцияға жүгіне алады.

Б.Рахметова