Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында Ақтөбе мен Атырауда 2 мыңнан астам отбасы көмек алды

AstanaTV
02.04.2020ж. 20:00
2843
Республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында Ақтөбе мен Атырауда 2 мыңнан астам отбасы көмек алды

Республикалық «Біз біргеміз» акциясының шапағатын Атыраудағы бір мыңнан астам отбасы көріп отыр. Қайырымдылық «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында мұқтаж жандарға арналған. Мұнда тіпті пәтер жалдау ақысын төлеп берген. Зейнеткер Ұлдай Мезизова мүгедек ұлымен он жылдан астам уақыттан бері қуықтай екі бөлмені жалдап келеді. Зейнетақы мен жәрдемақы дәрі-дәрмек пен пәтер ақысынан аспайтынын айтқан қария партия қамқорлығына риза. Енді бұл көмекті азаматтардың 7 санаты бойынша беру жоспарланып отыр. Қазір осыған сай өңірде тізім жасақталуда.

Ұлдай МЕЗИЗОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

Ақшамыз жетпейді. Баламызға удай қымбат дәрі аламын. Өзімнің давлением бар. Оның үстіне екі қолымды сындырып алып, больницадан шықтым. «Nur Otan» партиясы біздерге мынадай уақытта қиын жағдайда көмектесіп жатыр.

Қуантай БИСӘЛИЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Оның ішінде жағдай төмен көп балалы отбасылар, мүгедек жандар, мүгедек баланы асыраушы отбасылар кіреді. Жағдай төмен зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларды теңестірілген мүгедектер және тыл қызметкерлері, сосын жетім балалар енгізілді. Қазір уақытта тізім жасақталды. Енді осы тізім бойынша көмектер көрсетелі.

Ақтөбеде де мыңнан астам отбасыға партиялықтар көмек жеткізген. Оларға азық-түлік пен санитарлық-гигиеналық заттар табысталды.   «Nur Otan» партиясының қайырымдылық көмегін өңірдегі көп балалы отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар мен аз қамтылған жанұялар және жалғыз басты зейнеткерлер алды.

Зәуреш КЕНЖЕБАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

«Nur Otan» партиясына инстраграм арқылы хабарластым көмек керек деп, бірден әкеліп берді. Рахмет. «Nur Otan» партиясына рахметімді айтамын. Көп балалы анамын бір баламның мүмкіндігі шектеулі.

Б. Рахметова