Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы жұмыссыз режим тағы бір аптаға ұзартылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Соңғы тәуліктерде ел аумағында COVID-19 вирусын жұқтырғандар бәсеңдеген. Министрлік мұны карантиндік режимнің күшейтілуімен байланыстырады. Елдегі соңғы ақпаратты әріптесім Асылбек Данияр жеткізеді.
Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режимді, 13-ші сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Дәурен Абаев бұл ретте жұмыссыз қалғандарға төлемнің берілетінін жеткізді. Ал 19 наурызда енгізілген карантин, әлі қанша уақытқа жалғасатыны белгісіз.
Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
Бұл шешімдердің барлығы ұлттық қауіпсіздің үшін қажет шаралар. Басты мақсат - елдің, халықтың қауіптісдігі. Сондықтан айтылған талаптарды қатаң сақтау керек. Қоғам амандығының басты шарты осы.
Әлемге таралып кеткен пандемия қазақстандықтарды да әбден әбігерге салды. Дәрігерлер ауруханада ем алып жатқан 11 науқастың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 1-уінің өмірі қыл үстінде екендігін жеткізді. 68 емделушінің жай-күйі орташа болса, 342 адамда әлі кеселдің белгілері байқала қоймапты. Елдің бас дәрігері, бүгін эпидтің таралуы алдыңғы күндерге қараған бәсеңдегенін жеткізді.
Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Соңғы күндердегі енгізілген карантиндік шаралар жалып өте жақсы әсер етіп жатыр. Еліміз бойынша екі қалада Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы күделіктегі инфекцияның өсімі төмендеп, біздің бақылауымызда. Әрі қарай да осы қажетті карантиндік шаралар осы екі қалада күшейтіліп енгізілетін болады.
Вирус анықталғандармен 13 жарым мың адам қарым-қатынаста болған. Оның қазір 12 мыңнан астамы табылып оқшауланыпты. Науқастармен байланыста болған 293 адам іздестірілуде. Дегенмен елге қауіп төндірген пандемияға сенбейтіндердің әлі кездесетіні дәрігерлерді қынжылтуда. Сондай-ақ бұл дерт күзге дейін жалғасуы мүмкін деді. Мамандар енді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан мобильді жедел құрастырылатын инфекциялық ауруханалар құрылысын бастап кетті.
Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Осы күнде осындай жұмыс басталды. Ешқандай қауіп жоқ оның себебі: қасында да қазіргі инфекциялық ауруды емдейтін аурухана орналасқан. Сонымен қала тұрғындарына ешқандай қауіп жоқ. Себебі бұл ауруханалардың ішінде қажетті санитарлық, дезинфекциялық режим ұсталатын болады.
Соңғы дерек бойынша, Қостанай облысынан да вирус жұқтырған дерек анықталған. Республика бойынша науқастардың жалпы саны: 460. Көш басында Нұр-Сұлтан, мұнда 199 науқас бар. Ал, Алматыда - 93, Қызылорда облысында 26 адам ем қабылдап жатыр. Жалпы дерт жұқтырғандардың арасында 30-ға жуық медицина маманы мен Қарағанды облыстық телеарнасының тілшісі де бар. Осындай ел басына түскен сынақта БАҚ өкілдерінің де еңбегінде атап өткен жөн. Қазір аймақтағы телеарна уақытша жұмысын тоқтатқан. Ал қызметкерлері медициналық тексерістен өтуде.
А. Данияр