$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкенттіктер электронды төлем жүйесін жаңтыртпақ

AstanaTV
06.04.2020ж. 20:00
2673
Шымкенттіктер электронды төлем жүйесін жаңтыртпақ

Шымкенттегі базарлар мен үлкенді-кішілі сауда орындары бүгіннен бастап төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуге көшті. Яғни тұрғындар жасаған сауда-саттығы үшін ендігі жерде тек арнайы карточкамен есеп айырысады. Бұл - азаматтардың төтенше жағдай кезінде банкомат жағаламауы үшін, әрі вирустың ақша арқылы таралмауына жасалған амалдың бірі. Айзада Төребекқызы өңірдегі жағдайды баяндайды.

Қалада қазір сауда нысандары, тіпті шағын дүкендер де сатып алушыға жағдай жасауы тиіс. Яғни қолма-қол ақшасыз төлем жолдарын ұсынуы керек. Мұны қала әкімдігі былай түсіндірді.

Махсұт ИСАХОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Өте көп адамдар сақтық шараларын сақтамай банкоматтардың алдында, банктің алдында адамдар көп шоғырланып, бір- бірімен жақын тұрып, сондай індеттің таралуына өте үлкен тәуекел бар, өте үлкен қауіп бар.

Қазір карточкасы жоқтардың да мәселесі тездетіп шешілмек. Қайсыбір қаржылық ұйымдары картомат та орнатуда. Екінші деңгейлі банк басшылары азаматтарға карточканы онлайн рәсімдеп, тіпті үйлеріне жеткізіп беру жағын да қарастырмақ. Сондай-ақ, бүгін оқушылар онлайн оқу жүйесіне кірісті. Шаһардағы 172 мектепте 222 мыңнан астам бала білім алады. Оқушыларды комьютермен қамтуда біртіндеп шешімін тауып келеді. 

Алмасбек МАМЫТБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Зерделеу барысында 17 616 оқушыға ол жерде компьютермен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған болатын. Біраз оқу орнындағы компьютерлерді соларға беру арқылы біз 12 мыңға жуық оқушының 10 192 оқушыларды шешілді. Ал енді қалған 7 мың оқушыға министрліктен бөлінген қаржы бар, 9 мың компьютер сатып алуды жоспарлап отырмыз.

Білім саласына жауаптылар үйінде интернет желісі қосылмағандардың да проблемасы шешіп жатырмыз деді. Мүмкіндігі жоқ отбасыларға мектептерге бөлінген интернетті таратпақшы.

Жанат ТӘЖИЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Екі айда интернет мектепке кеп жатқан жоқ қой, сол интернеттегі ақша арқылы осы жағдайы төмен, қажет деген отбасыларға сол интернеттің желілерін толығымен тартып, бүгін толығымен Қазтелекомнан жауабын алдық.

Мұнан бөлек, «Балапан» және «Еларна» телеарналары арқылы оқытылмақ. Бұл мақсатқа жергілікті телеарналар да үлес қоспақ.

А. Төребекқызы