Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылордада карантин тәртібін бұзатындар азаймай тұр

AstanaTV
09.04.2020ж. 20:00
2236
Қызылордада карантин тәртібін бұзатындар азаймай тұр

Қызылордада карантин тәртібін бұзатындар азаймай тұр. Бірі жасырын ойын клубын, енді бірі қорқор барын жұмыс істеткен. Одан қалды сағаттап баспанасын жалға беретіндер де тиылмай келеді. Мәселен бір ауладағы алты көпқабатты үйдің жүзге жуық пәтері әлі күнге кәсібін тоқтатпапта. Төтенше жағдай тәртібіне де, карантинге де бағынбайтындарға аймақта шара күшейтілген.

Мына Әйтеке би мен Өсербаев көшелерінде орналасқан алты үйдің тұрғындары, қауіпсіздік үшін алаңдаулы. Айтуларынша мұндағы пәтерлердің 98-і сағаттап жалға беріледі. Олар елде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан «саудаларын» бір сағатта тоқтатқан емес, дейді. 
 
Дәмегүл ҮМБЕТБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
 
Құтырып кетті, қазірде жабылмай тұр. Ол тынған жоқ. Әлі берген үстіне беріп жатыр әлі, ол қойылмай жатыр. Мынау індет шыққаннан кейін үйден шығуға қорқамыз өзіміз, бала-шағамыз бар.  Кімге беріп жатырғаны белгісіз. Шетелдің адамы да келіп жатыр осы жерде. 

Қала қауіпсіздігіне жауапты құзырлы мамандар күнделікті көше кезіп, тәртіпті бұзғандарды анықтап жүр. Олар мейрамханалар, ойын клубтары мен қорқор барларды назарға алған. Тіпті жалдамалы пәтерлерді де анықтап, тізімін жасапты. Тексеріс кезінде пәтерді жалға берушілердің екеуін қамаған.  

Алмасбек ЕСМАХАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қызылорда қаласында төтенше жағдай режимін бұзған 123 азаматқа тиісті хаттама толтырылды. Онын ішінде, мысалға, шектелген уақыттан кафе, мейрамханаларды ашу, ойын, яғни, плейстейшн, кальян-барларды жұмыс жасату. Онан бөлек, мынау пәтерді тәуліктік жалға беру мәселелері бар.


Ермекбай ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

7 сәуір-21 сәуір аралығында Қызылорда облысында төтенше жағдай жариялауға қаулы бекітілді. Кейбір азаматтар заңды түсінбегендіктен Қазақстан Республикасының әкімгершілік құқықтық кодексінің 476 бабына сәйкес әкімшілік шара қолданамыз.

Яғни, күшейтілген карантин режимі облыс аймағында 21 сәуірге дейін жалғаспақ.  Кешкі тоғыздан кейін қалада адамға да, көлікке де жүруге тыйым салынған. Шаһардың төрт аумағына блок-бекеттер жұмыс істеп тұр.

Ш. Сақтапова