Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шығыс Қазақстан облысының он екі мыңнан астам тұрғынына "Бiргемiз шығыс" қорынан көмек берілді

AstanaTV
09.04.2020ж. 20:00
2047
Шығыс Қазақстан облысының он екі мыңнан астам тұрғынына "Бiргемiз шығыс" қорынан көмек берілді

Шығыс Қазақстан облысындағы "Бiргемiз шығыс" қорына 621 миллион теңге аударылды. Бұл қомақты қаржыны қиын жағдайда қалған азаматтарға қолдау көрсету мақсатында, Елбасының бастамасымен құрылған республикалық "Бiргемiз" қоры бөліпті. Бүгін қамқоршылар кеңесі мұқтаж жандардың тізімін жасады. Шамамен 12 мың 500 тұрғынды тіркеді. Енді олардың әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілмек. Мұндай көмек ең алдымен тұрмысы төмен отбасылар және коронавирустың кесірінен табысынан айрылған жандарға көрсетіледі. Айта кетейін, қамқоршылар кеңесінің құрамында партияның облыстық филиалы мүшелері, жергілікті депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен түрлі қауымдастық өкілдері бар.

Олег ЧУГУНКОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

50 мың теңгені алатын азаматтардың 7 категориясы нақтыланды. Олардың саны 12 мың 419 адам. Бұл ақша олардың картасына аударылады. Яғни, бүгін тізімді банкке жібереміз. Сосын ақша картаға түседі. Ал карточкасы жоқтарға есеп шоты арқылы беріледі. «Бiргемiз» қорынан көмек көрсетілгені туралы бұл азаматтардың телефонына смс-хабарлама жіберіледі.

Е. Карин