Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын шұғыл түрде қайта қарау қажет, - Д.Назарбаева

AstanaTV
09.04.2020ж. 20:00
1833
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын шұғыл түрде қайта қарау қажет, - Д.Назарбаева

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бүгін Дариға Назарбаеваның сынына ұшырады. Сенат төрағасы өз сөзінде, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын шұғыл түрде қайта қарау керек», деді. Жоғарғы палата спикерінің айтуынша, электрондық қызметтерде проблемалар қордаланып қалған. «Төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысының, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша тапсырмалардың бәрін нақты әрі тиімді түрде жүзеге асыру керек», деді Сенат төрағасы Дариға Назарабаева.

Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын шұғыл түрде қайта қарау қажет. Қазір оның көптеген кемшін тұстарын көріп отырмыз. Мұны депутаттар бұрын да бірнеше мәрте көтерген.

Д. Мұхаммедкәрім