Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордалық қонақ үйлер де "Біз бергеміз" акциясына ат салысуда

AstanaTV
09.04.2020ж. 20:00
2117
Елордалық қонақ үйлер де "Біз бергеміз" акциясына ат салысуда

Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге, қонақ үйлерде жағдай жасалған.  Елордалық мейманхананың бірі бүгінде 45 ақ халаттыға қызмет көрсетуде. Сауапты іс Президенттің бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» жобасы арқылы іске асты. 

Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер де, үй бетін көрмей, карантиндік режимде жұмыс істеуде. Дені жатақханаға орналасқан. Төтенше жағдайға байланысты бос қалған қонақ үйлер де кәдеге жарап жатыр. Мейманхана иелері «Biz birgemiz» жобасы арқылы бір топ елордалық дәрігерді тегін жатын орынмен қамтыған.

Айгерім ИЖАНОВА, МЕДБИКЕ:

Мемлекетке үлкен алғыс білдіргім келеді. Бізді ұмытып кетпегені үшін. Бір кісідей ат салысып, бір-бірімізге қол ұшын созатын кез.

Қонақ үйінде қазір 45 медицина қызметкері жайғасқан. Ақ халаттылар 3 мезгіл тегін тамақпен және көлікпен қамтылыпты. Мейманхана басшылығы қиын кезде шыбын жанын шүберекке түйіп, індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге көмектесу өз алдына абырой, дейді.
 
Абай БЕКСЕИТОВ, «ДИПЛОМАТ» ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:


Біз дәрігерлерге арнайы нөмір бердік, жайлы өмір сүруі, алаңсыз жұмыс істеуі үшін. Өздерін үйдегідей сезінуі үшін жағдай жасап жатырмыз. Мұндай қиын кезеңнен біз бірге шығуымыз керек.

Қонақ үй басшылығы мұнда барлық қауіпсіздік нормалары сақталғанын айтады. Нысанның ішінде күн сайын дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Кірер-беріс пен мейрамханада қолды өңдеуге арналған құрылғылар бар.

А. Мүтәлі