Нұр-Сұлтандағы Байқоңыр ауданында 446 тұрғын үй толықтай залалсыздандырыпты. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлайды. Ауқымды іс-шараға қарулы күштерді биологиялық қорғау бөлімшелерінің әскери қызметшілері жұмылдырылған. Байқоңыр ауданы әкімдігінің өкілдері залалсыздандыру жұмыстарының екінші кезеңін бастаған.
Рүстем ӘБДІРАШЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
Дезинфекциялау жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатырмыз. Ең бастысы аула маңын, кіреберіс пен лифттерге залалсыздандыру сұйықтығын мұқият себеміз. Бізге қарайтын барлық аймақта алғашқы кезең аяқталды. Қауіптің беті қайтқанша жұмыс жалғаса береді.
Ғ.Өтемісов