Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Бизнес-ахуалды жақсарту туралы заңға енгізілген түзетулерге депутаттардың көңілі толмайды

Бизнес-ахуалды жақсарту туралы заңға енгізілген түзетулерге депутаттардың көңілі толмайды

Бизнес-климатты жақсарту туралы заңға енгізілген түзетулерге мәжілісмендердің көңілі толмайды. Бүгін пленарлық отырыста халық қалаулылары ұлттық экономика министрлігі ұсынған құжаттың бір қайнауы жетпейтінін атады. Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің сөзінше, ұсынылған түзетулер мемлекет басшысының монополияға қарсы шараларына қайшы келеді. Керісінше шенеуніктердің жаңадан монополия құруына ерік беріп қойған, деді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір отандық нарықта бәсекелестік орта нашарлап кетті. Сіздер берген ұсыныстар мемлекеттік мекемелерге, тіпті аудан әкімдіктеріне дейін жаңа монополиялар құруға жол ашқалы тұр. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына қарсы келеді.

Е. Карин