Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионнан асты

AstanaTV
16.04.2020ж. 20:00
2170
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионнан асты

АҚШ коронавирус індетінің шарықтау шыңына жетті. Бұл туралы ел Президент Дональд Трамп, Ақ үй сайтындағы онлайн-трансляция кезінде мәлімдеді. Ол құрама штаттар індетті жұқтырған елдер арасында көш бастап тұрғанын ескертті. Мәселен, «Джонс Хопкинс» университетінің санағы бойынша қауіпті дертке шалдыққандар саны 634 мыңнан асады. Оның 30 мыңға жуығы қайтыс болған.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Шайқас жалғасуда, бірақ дерек көздерге сенсек коронавирустың жаңа деректері байқалды. Жағдайды жақсарту пандемияға байланысты шектеулерді алып тастауға қатысты ұсыныстарды анықтауға мүмкіндік береді. Түстен кейін біз ұсыныстарды жариялаймыз.

Ал озық елдер кедей мемлекеттерге берген қарыздарын қайтаруды кейінге шегерді. «Жиырмалық» орталық банкі басшылары осындай шешім қабылдады. Қазір дамушы мемлекеттер қаржылай қолдауға мәжбүр болып отыр. Мәселен Эквадор билігі қаза тапқан мәйіттер мәселесін қалай шешерін білмей дал. Табыт тапшылығынан өлген адамдарды мемлекет тұрмақ, туыстары да жерлей алмай отыр. Елде ресми түрде 10 мыңға жуық адам вирус жұқтырған, алайда тіркелмегендері қаншама. Ал Латын Америка елдерінде жағдай біршама тұрақты. Еске сала кетейік қазіргі уақытта әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2 млн 64 мыңға жеткен.

Ғ.Өтемісов