Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағанды облысында құлаған әскери ұшақтағы ұшқыштардың бірінің жағдайы орташа ауыр

AstanaTV
17.04.2020ж. 20:00
2116
Қарағанды облысында құлаған әскери ұшақтағы ұшқыштардың бірінің жағдайы орташа ауыр

Қарағанды облысында құлаған әскери ұшақтағы ұшқыштардың бірінің жағдайы орташа ауыр. Бұл туралы аймақ дәрігерлері хабарлайды. Ал, Қорғаныс министрлігі МиГ- 31 әскери ұшағының құлауына себеп болуы мүмкін факторларды атады. Қазір арнайы құрылған комиссия тергеп- тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Алғашқы болжам бойынша әскери ұшақ әуеге көтерілген соң, қозғалтқыштарының бірінен от шыққан. Бұл сәт Қарақұдық ауылының маңында анық көрінген. Оны тұрғындар телефондарына түсіріп алыпты.

Ұшақта болған екі әскери ауылға қауіп төндірмеу үшін қалалық әуежайдың оңтүстігіне қарай көлікті бұрып, ашық алаңқайға құлаған. Ұшқыштар дін аман, олар облыстық ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер біреуінің денсаулығы қанағаттанарлық, екіншісі орташа ауыр жағдайда деп бағалады. Қорғаныс министрлігінің дерегінше, әуе көлігі жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындалу үшін жолға шыққан. Екі ұшқышта тәжірбиесі жоғары подполковник екенін хабарлады.    

Нұрлан ОРМАНБЕТОВ, ҚР ҚК ӘУЕ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІНІҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ:

Арнайы комиссия авиациялық техникадағы ақауды және оның шығу себебін анықтайды. Қазір апаттың бірнеше себептері қарастырылып жатыр. Оның ішінде ішкі фактордың әсері мен адами фактор да жоққа шығарылмайды. Бірақ экипаж апат кезінде өте сауатты әрекет еткен. Жерге қону үшін, техниканы сақтап қалу үшін күрескен.

Айта кетейік, МиГ- 31 әскери ұшағына келсек, ол Ресейде 1991 жылы шыққан. Қолдану мерзімі 30 жыл. Жалпы Қазақстанның әуе қорғанысында бұл жауынгерлік техника осымен 4- інші рет апатқа ұшырады.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Арнайы құрылған комиссияның тексерісі аяқталмайынша МИГ-31 ұшырылмайтын болды. Сонымен бірге тергеуге жауынгерлік техниканы жасаған кәсіпорын мен осыдан 6 жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мекеме өкілдері де қатыспақ. 

А. Қуаш