Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Коронавирустың инфекцияны жұқтырғандардың саны 1500-ға таяды

AstanaTV
17.04.2020ж. 20:00
1422
Коронавирустың инфекцияны жұқтырғандардың саны 1500-ға таяды

Коронавирустың инфекцияны жұқтырғандардың саны 1500-ға таяды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қазір 21 науқастың жағдайы ауыр болса, 2 емделушінің өмірі қыл үстінде. Бұдан бөлек бүгін тіркелген науқастардың арасында жасқа толмаған нәрестелер бар екені белгілі болды. Елдегі соңғы ақпараттарды әріптесім Асылбек Данияр жеткізеді.

Аты жаман қауіпті індетке шалдыққандардың қарасы азаяр емес. Тіпті, науқастарды емдейтін ақ халаттылардың өзі аталған кеселді жұқтырып жатыр. Қазір елдің 13 аймағында медицина саласының мамандарынан вирус анықталған.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Медицина қызметкерлері арасында қазіргі таңда 423 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелді. Ол 13 өңірде тіркелген. Әр өңірде 10 пайыздан бастап 20 пайызға дейін резерв қарастырылған. Сол себептен медицина қызметкерлері бүгінгі таңда жеткілікті.

Науқастардың саны бойынша көш бастап тұрған Алматы шаһарында 214 медицина қызметкеріне жұқпа жұққан. Оның 8-і қазір дерттен айыққан. Тілеухан Әбілдаевтің сөзінше шекара қызметінде жүрген 54 курсанттан да, COVID-19 анықталып, қазір олар стационарларға жатқызылыпты. Сондай-ақ сырқат жүкті әйелдің біреуі босаныпты.

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

13 сәуірде әйел жүктіліктің 39 аптасында әйел вирус жұқтырған адаммен байланыста болған адам ретінде кленикалық ауруханаға жеткізілген. Кесер отасын жасап босандырып алды. Нәтижесінде 3500 келіден асатын бала дүниеге келді. Жағдайы бүгінгі таңда қанағаттанарлық. Ал жаңадан туған нәрестенің алынған талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Қостанай облысында полицей қызметкерінен коронавирус табылған. Қазір аймақтағы құзырлы орган өкілдері үй жағдайындағы карантинде жатыр. Сонымен қатар, Қызылорда мен Атырау облысындағы уақытша ұстау изоляторларында 2 адамнан короноавирус табылған. Соңғы мәлімет бойынша, республика көлемінде вирус жұқтырғандардың 23-інің жағдайы ауыр. 340 адам емделіп шықса, 17 науқас қайтыс болды.

А. Данияр