$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Толассыз жаңбырдан соң Алматыда тау көшкіні болды

AstanaTV
20.04.2020ж. 20:00
2793
Толассыз жаңбырдан соң Алматыда тау көшкіні болды

Ал, Алматыда толассыз жауған жаңбырдан соң, тау көшкіні болды. Оның салдарынан Медеу мұз айдыны маңындағы демалыс лагері аумағына зиян келді. Абырой болғанда адамдар дін аман.  Жалпы көлемі 7 мың 200 текше метр топырақ көшіп, Кіші Алматы өзенінің аңғарына аққан.  Сол жерде орналасқан «Тау-күні» оқу-сауықтыру кешенінің ғимаратына қауіп бар дейді төтенше жағдай мамандары. Жалпы, Алматы қаласы бойынша дәл осындай 41 қауіпті аймақ анақтылып отыр.  Аталған аумақтардың қауіптілігін есептеп, құжаттарын дайындауға жергілікті бюджеттен 35 миллион теңге бөлінген. Жоспар жеті айда атқарылмақ.

Ерлан ӘЛІБЕКОВ, АЛМАТЫ қ. ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Топырақ Кіші Алматы өзенінің арнасына келіп түсті. Бірақ өзенді бөгеп қалған жоқ. Сол себептен сел жүру қаупі жоқ қазіргі кезде. Қандай ғимараттар, қандай учаскелердің қаупі бар екенін анықтап, сол жерге арнайы сигнал тенталар тарытылып, адамдарды сол жерге жолатпай, кіргізбей отырмыз.

А. Кемелжан