$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда блок-бекеттерді айналып өтіп жатқандар азаймай тұр

AstanaTV
21.04.2020ж. 20:00
2519
Оралда блок-бекеттерді айналып өтіп жатқандар азаймай тұр

Оралда блок-бекеттерді айналып өтіп жатқандар азайар емес. Қалтарыс, қуыстарды жақсы білетін жергілікті тұрғындарды бекеттегі мамандар да ұстай алмай отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орталығынан хабарлады. Құзырлы органның дерегінше, шектеу шараларын ескермегендер негізінен қала іргесіндегі ауыл тұрғындары. Өйткені олар сол маңдағы жолдарды жақсы біледі. Полицияның көзіне түспеуге тырысқандардың бірі топырақ үйілген бөгеттен жаяу өтсе, енді бірі қараңғы түскенін пайдаланып, көлікпен қашқан. Осылайша карантин режимі күшейсе де, мұндай келеңсіздіктер тиылар емес.

Біржан ХАЙРУЛЛИН, БҚО БОЙЫНША СЖҚҚ ПРЕВЕНЦИЯ ЖӘНЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Полиция блок бекетті айналып өтіп жатқандарды ұстай алмайтынын айтты. Өйткені оларға блок бекеттің басында болу тапсырылыпты. Сондықтан бекетті тастап кете алмайды. Бұл жағдай олардың басшылығына ескертілді.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 68 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Науқастардың екеуі жазылып шықты. Күшейтілген карантин жарияланған шаһарда базарлар жабылып, қоғамдық көлік те тоқтатылған. Тәрттіпті елемеген 454 адамға хаттама толтырылыпты. Қазір полицейлерге әскерилер қол ұшын созып, тексеру рейдтері жиіледі.

Е. Карин