$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Жастар" театрының ұжымы онлайн-концерт өткізді

AstanaTV
23.04.2020ж. 20:00
2681
"Жастар" театрының ұжымы онлайн-концерт өткізді

Астаналық "Жастар" театрының ұжымы «Біз біргеміз» акциясы қолдап, онлайн-концерт өткізді. Театр әртістері әлеуметтік желідегі парақшаларында қиын кезеңде жұмыс істеп жүрген жандарға қолдау көрсетіп, видео түсірді. Шығармашылық кеште қазақтың халық әндері шырқалып, парақша оқырмандарымен онлайн-сұхбат өтті. Көрермен назарына ұсынылған онлайн кеш жайлы, келесі материалда.

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:


Бұл концерт бұрынғысынан өзгерек. Себебі театр ұжымы карантин кезіндегі 3-ші онлайн концертін беріп жатыр. Бір сағатқа жоспарланған бағдарламада өнерпаздар көрерменге халық әндерін ұсынатын болады.

Мәдени ошақ бір айдан бері көрермендер үшін жабық тұр. Енгізілген карантинге байланысты, шығармашылық ұжым өмірін де, премьералар кестесін де өзгерткен. «Жастар» театры қазір көрермендермен қашықтықтан қауышып жүр. Ұжым басшысы Ернар Жұматаев өмірін өнермен ұштастырған шын әртіс үшін, ешқандай сынақ кедергі бола алмайтынына сенімді.

Ернар ЖҰМАТАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. «ЖАСТАР» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Осы кезде көп топырламай 2-3 адамнан театрға келіп, онлайн арқылы көремендерге бір жақсы көңіл-күй сыйлап, рухани азық берсек екен деген неиетіміз бар. Ал карантин кезінде әртістердің бәрі үйінде жаттығуларын жасап дайындалып жатыр. 

Әншілер де, актрисалар да дауыстарын бабында сақтауға тырысып жүр. Театр әртісі Айман Есенқызы, өзі қатысатын сахнадағы қойылымдарын, тіпті көрермендерін де сағынғанын айтады. Ал онлайн концертте алғаш рет өнер көрсететінін, сондықтан бұл да шығармашылықты шындау үшін таптырмас тәжірбие деді.

Айман ЕСЕНҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. «ЖАСТАР» ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ:

Театрды қатты сағындық. Осы концертті өткіземіз дегенде бірден келістік. Себебі бұл біздің өнеріміз, өміріміз.

Театр ұжымы қауіпті індеттің ілмегінен құтылғанша онлайн концерт беруді жалғастыра бермек. Тіпті жуырда арнайы қойылым да көрерменге жол тартуы мүмкін деді. Бірақ оның қай бағытта және қандай туынды болатынын құпия сақтауды жөн көрген. 

Дегенмен елде жағдай түзелісімен көремендерді тың туындыларымен қуантуға күш жинап жатқандарын жеткізді.

Ғ.Өтемісов