$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Nur Otan» елдің мәселесін онлайнмен оңтайлы шешуде

AstanaTV
24.04.2020ж. 20:00
3827
«Nur Otan» елдің мәселесін онлайнмен оңтайлы шешуде

«Nur Otan» партиясы елдің мәселесін онлайнмен оңтайлы шешіп отыр. Бас партияның өңір өңірлердегі өкілдері тұрғындардың сан сауалына әлеуметтік желіде арқылы жауап беруде. Тікелей эфирге қосылған көпшіліктің негізгі сұрағы төтенше жағдай кезінде қосымша әлеуметтік көмектерді алу жолдары болды.

"Нұр Отан" партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары өткізген әлеуметтік желідегі тікелей эфирді 2 мыңға жуық адам қарады. Жалпы 400-ден астам сұрақ қойылды. Басым бөлігі мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектерді алу жолдарын сұрастырды.   

Бейсенбай ТӘЖІБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Гүлбахор Садықбаева: «балам екінші топ мүгедегі, елу мың беріле ме?, дейді.  50 мың теңге бірінші топ мүгедектеріне беріліп отыр Түркістан қаласы бойынша. Жалпы жеті категория бойынша беріледі. Тұл жетімдерге осы 50 мың теңге біз екінші траншпен арнайы дайындадық. Ол бойынша 4 600-ден астам адам келесі айда бұл көмекті бір реттік алатын болады.

Қаржылай көмек алу жолдарына қызылордалықтарда қызығушылық танытты. Бір жарым сағатқа созылған байланысқа 3 мыңға жуық адам қосылып өз сауалдарын жолдады. Партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары республикалық қордан бөлінген қаржы тағы жеті мыңнан астам отбасыға берілетінін хабарлады. Шамамен 14 мыңнан аса мұқтаж азамат бұл көмекке үмітті деді.
 
Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жергілікті жерде, аудандарда филиалдар жұмыс жасап жатыр. Тиісті арыздарды түсіп жатқан осы аудандық жұмыспен қамту орталықтардың ақпараттарын алып, осы көмектерді беруге демеушілер арқылы үйлестіріп отырмыз. Бүгінгі таңда Қызылорда облысы ғана бойынша 82 миллионға жуық қаражаттар тартылды. Оның 31 миллион теңгесі ол біздің барлық денгейдегі депутаттардың берген қосымша көмегі.

Төтенше жағдай кезінде атыраулықтарды да күнкөріс  жағдайы мазалап отыр. «Nur Otan» партиясының аймақтық филиалы өткізген тікелей эфир кезінде тұрғындар осыны жеткізді. Онлайн байланысқа екі мыңнан астам адам кірді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевқа бір сағатта 78 сұрақ қойды. Ол оның 41-іне сол сәтте жауап берді. Кейбір анықтауды қажет ететін мәселелер ғана кейінгі қалдырылды. Әсіресе еріктілерге ризашылығын білдірді. 

А. Төребекқызы, Ш. Сақтапова, Б. Нәдірқызы