Президенттік институт барлық мемлекеттік басқару тетіктерінің өзегіне айналды. Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков, Президент институтытың 30 жылдығына арналған мақаласында осындай пікір білдіріпті. Мақалада басқарудың бұл формасы - Қазақстанға 1990 жылдардағы ауыр дағдарыстан шығып, өзінің дамуын жалғастыруға мол мүмкіндік бергеніне талдау жасалады. Махмұд Қасымбековтың пікірінше, экономиканың әлсіз кезінде мемлекеттің Президенттік басқару жүйесіне көшуі - дұрыс шешім болған. Мақаланың толық нұсқасын «Казахстанская правда» газетінен оқуға болады.