$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ел алдында экономиканы қалпына келтіру бойынша маңызды жұмыстар тұр, - Б. Байбек

AstanaTV
28.04.2020ж. 20:00
1886
Ел алдында экономиканы қалпына келтіру бойынша маңызды жұмыстар тұр, - Б. Байбек

Ел алдында экономиканы қалпына келтіру, азаматтарды бұрыңғы өмір салтына қайта оралту бойынша маңызды жұмыстар тұр. Партия осы мақсатта өңірлік және аудандық филиалдардың жұмысын күшейтеді. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, өзінің фейсбук парақшасында Президенттің кешегі мәлімдемесіне қатысты осындай пікір білдірді. Ол Президенттің тапсырмасымен азық-түлікке мониторинг жасауға көп көңіл бөлінетінін жеткізді. Сонымен қатар, ел аумағында айтарлықтай сұранысқа ие кәсіпорындарды қолдаудың маңыздылығына да тоқталды. Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры жайында да сөз қозғады. Айтуынша, бүгінде 330 мың мұқтаж отбасыға 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай көмек көрсетілген. Жақын күндері тағы да 30 мыңнан астам жанұя осындай көмекті алатынын айтты.

А. Мүтәлі