Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанда алғаш рет парламенттік оппозиция пайда болады

AstanaTV
06.05.2020ж. 20:00
5772
Қазақстанда алғаш рет парламенттік оппозиция пайда болады

Қазақстанда алғаш рет парламенттік оппозиция пайда болмақ. Жаңа құжат бүгін Мәжіліс отырысында қаралып, депутаттар оны бірауыздан мақұлдады. Оппозиция депутаттарына әр сессия сайын қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік берімек. Сонымен қатар, кемінде екі рет Үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеуге және өздері қолдамайтын заң жобаларына өзгеріс енгізуге құқылы. Бұдан бөлек, мәжілістегі комитет төрағасының бірі тек оппозиция депутаттары арасынан сайланатын болды. Құжат жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осыған орай мәжіліс депутаттары бастамашы болған осы заң жобасында алғаш рет парламенттік оппозиция деген ұғым енгізілді. Бұл Парламент тарихында бұрын болмаған. Бірақ та, уақыт талабына сай жасалып отырған өте қажетті қадам.

А. Мүтәлі