Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 366 дана киік мүйізімен ұсталды

AstanaTV
06.05.2020ж. 20:00
3789
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 366 дана киік мүйізімен ұсталды

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 366 дана киік мүйізімен ұсталды. Облыстық Полиция департаментінен хабарлағандай, күдікті жедел іздестіру шаралары кезінде қолға түскен. Оның киік мүйізін саудалап, пайда табуға тырысқаны анықталыпты. Күдіктінің жеке көлігін тәркілеген полиция қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Жалпы жыл басынан бері өңірде сирек кездесетiн және жойылып кетуі мүмкін жануарлардың заңсыз айналымына қатысты 17 қылмыс ашылыпты.

Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
Қазіргі уақытта ұсталған тұлғаның басқа да қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. ҚК 339 бабы, 1/1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты 3 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу көзделген.

Қазір Батыс Қазақстан облысында киіктер төлдеп жатыр. Мамандар биыл Ақжайық атырабындағы ақбөкендердің саны үш жүз мыңнан асады деген болжам жасап отыр. Бірақ карантин жариялануына байланысты санақ жұмыстары келер жылға қалдырылған.  Жалпы жер бетіндегі киіктердің 80 пайызы Қазақстанды мекендейді. Елдегі бөкендердің үш популяциясының ең үлкені осы - Батыс Қазақстан облысында шоғырланған.

Е. Карин