$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жүктілігіне 7 ай болған жас келіншек МРТ тексерісінен өте алмай жүр

AstanaTV
12.05.2020ж. 20:00
2814
Жүктілігіне 7 ай болған жас келіншек МРТ тексерісінен өте алмай жүр

Жүктілігіне 7 ай болған Сәтпаев қаласының тұрғыны іштегі сәбиінен айрылып қалудан қорқады. Редакциямызға хабарласқан көрермен- 2 айдан бері МРТ тексерісінен өте алмай жүргенін айтты. Бұған карантин режимі себеп дейді. Жергілікті дәрігерлер- құрсақтағы нәрестенің миында дерт барын айтып, түсік жасатуын ұсынған. Алайда ол тұңғышынан айрылғысы келмейді. Сатпаев дәрігерлері -диагноздың қате болуы мүмкін екенін ескертіп, Нұр-Сұлтандағы «Ана мен бала» орталығына жолдама берген. Бірақ оған да жету оңай болмай тұр,- дейді. Тандайық.

Аяулым АХМЕДИЯ, СӘТПАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Карантин кесірінен ешқайда шыға алмай отырмын. 19 неделяда анадай диагноз қойғандықтан, Нұр-Сұлтандағы «Ана мен балаға хабарластым. Ол жақты жауып тастаған. Тек ғана роды сондай науқастарды ғана қабылдайды. МРТ, УЗИ сияқтылар жабық.

Дәл қазір осы мәселеге жауапты Нұр-Сұлтан қаласы «Ана мен бала» орталығымен байланысқа шығып көрейік. МРТ дәрігері Анжелика Мейрамова бізбен байланыста екен. Қайырлы кеш, Анжелика ханым. Өзіңіз де нәзік жансыз. Уайымдап бізге хабарласқан ауыр халдегі келіншектің жағдайын естідіңіз. 2 ай болды. Науқас  орталыққа қашан жүгіне алады?

Анжелика МЕЙРАМОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МРТ ДӘРІГЕРІ:

Егер кейбір бөлімдер ғана жұмыс істеп жатқан болса, онда жағдайы ауыр өзге науқастардың мәселесі қалай шешілмек? Орталық толыққанды жұмысқа қашан кіріседі?

Анжелика МЕЙРАМОВА, «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МРТ ДӘРІГЕРІ:


Сұхбатыңызға рақмет! Бізбен байланыста болған астанадағы «Ана мен бала» орталығының дәрігері Анжелика Мейрамова. Хабарласқан көрермен өз сауалына жауап алды деп ойлаймыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экранда көрсетілген нөмерге хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын тікелей эфирде іздейміз.

Ғ.Өтемісов