$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай облысында 6 жыл қапта жатқан адамның сүйегі табылды

AstanaTV
13.05.2020ж. 20:00
7438
Қостанай облысында 6 жыл қапта жатқан адамның сүйегі табылды

Қостанай облысында 6 жыл бойына қапта жатқан, адамның сүйегі табылды. Полиция аталған факті бойынша іс қозғап, күдіктіні де ұстады. Іс деректеріне жүгінсек мәйіт Қарабалық ауданы Белоглинка ауылының тұрғынына тиесілі. Ол 2014 жылы қараша айында хабар-ошарсыз кеткен. Оның әпкесі полицияға арызданып, 31 жастағы әйелге іздеу жарияланыпты. Енді сол із-түзсіз жоғалған жанның мүрдесі табылды деп отыр. Ауыл тұрғыны жақында сатып алған үйін жинастыру кезінде қапқа салынған әйел адамның денесін көріп, учаскелік инспекторға хабарлаған. Күдікті де бірден анықталып, ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар сараптама тағайындалыпты.

Қанағат ШӘУЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Тексеру барысында анықталғаны 2014 жылы қараша айында Белоглинка ауылының әйел адамы із-түзсіз жоғалып кеткен.Ол кісінің жоғалғаны туралы әпкесі полицияға арызданған.Ол факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.Қазіргі таңда осы қылмыстық іс бойынша Белоглинка ауылының тұрғыны 62 жастағы күдікті ұсталды.Ол өзінің жасаған ісін толық мойындап отыр.

Аймақ полицейлерінің айтуынша жыл басынан бері облыс көлемінде 16 адам жоғалып, іздеу салынған. Оның он бірі анықталып, табылыпты. Қалғандарына қатысты іздестіру шаралары әлі жүргізіліп жатқан көрінеді.

З. Санай