Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорынан Мақтааралда салынатын үйгелер қаржы бөлінді

AstanaTV
14.05.2020ж. 20:00
2318
Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорынан Мақтааралда салынатын үйгелер қаржы бөлінді

Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен Достық ауылы тұрғындарына арнап 20 баспана тұрғызылады. Бұл құрылысқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен  құрылған «Birgemiz»  қорынан 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бауыржан Байбектің айтуынша, «Нұротандықтар» құрылыс сапасын өз бақылауына алады. Партия Төрағасының бірінші орынбасары, өңірге келіп, баспанасы суда қалған халықпен жүздесті.

Мырзакент кентіндегі жаңа шағынауданда құрылыс қарқын алған. Мұнда аумағы 100 шаршы мерлік 505 үй тұрғызылады. Төрт бөлмелі баспаналардың қабырғасы газоблоктан қаланады. Алғашқы үйдің іргетасын қалау рәсіміне «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты. Ол бұл науқанға Елбасының тапсырмасымен қосымша көмек көрсетіліп жатқанын айтты. "Біргеміз" қорының қамқоршылық кеңесі 20 үй тұрғызу үшін 340 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылдаған.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Партия тарапынан бірінші күннен бастап жалпы гуманитарлық көмекті көрсетіп жатырмыз. Өңірлерден бәріміз ел болып, халық болып, бәрі соны түсініп сіздерге көмектесіп жатыр. Елбасы тапсырмасы бойынша осы жақа келіп, өз көзімен жағдайды көріп, ертең оны баяндайтын боламын. Жалпы Президент мың үй салынады, жөнделеді деп айтты. Әрбір адамға 100 мың теңге ақша бөлінеді. 14 млрд мемлекет тарапынан республикалық бюджеттен бөлінді, сондықтан қаражат бар. Адамдар көмектесіп жатыр, халық сіздер жалқы қалмайсыздар. «Nur Otan» халықтың партиясы болғандықтан біз сіздермен біргеміз.

Сапар барысында Бауыржан Байбек су астында қалған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс және Өргебас ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Төтенше жағдай салдарынан бес ауылда мыңнан астам үй бұзылып, 8 мың гектар егіс алқабы су астында қалған. Тұрғындарды алаңдататын ендігі мәселе - өтемақы. Ол үшін баспаналарының құжатын рәсемдеп, шығынын түгендеуі тиіс. Алайда кейбір отбасылар тығырыққа тіреліп тұр. Өйткені бір жерге бірнеше баспана салғандары да бар.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекет ең қажетті мәселелерді шешеді. Бәрін қайтадан бес үй жарқыратып, құжат болмаса  жасай алмайды сізге ешкім.

Нұротандықтар мақталы өңірдің халқына қазірдің өзінде 920 тоннадан астам гуманитарлық көмек жасаған. Оың ішінде азық-түлік, гигиеналық құралдар, киім-кешек, төсек-орын мен құрылыс жабдықтары бар. Бауыржан Байбек мақтааралдықтарға көмек әлі жалғасатынын айтты.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Халықтың партиясы- «Nur Otan». Ең бастысы біз сара жолмен жүру дейді, білесіз ғой, солға, оңға бұрылмай мемлекет, Елбасының саясаты сара жолмен ұлтына, дініне, тіліне, жағдайына қарамастан бәріне тең жағдай болуы керек, солай ғой... Сондықтан біздің мынау көрсетілген Президент тапсырды. Ақша бөлінеді. Сұрақтар болса партияға арыз беріңіздер. Бақылауға аламыз. 

ФИРДАУСИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Ең біріншіден қазақ халқына, қазақстандықтарға айтар алғысымыз шексіз. Бүгін 10 күн болды мына халық қандай апатқа жушар болмаған болса да ешқандай кемшілік те көрген жоқ, аш та қалған жоқ. Бірінші, осы ризашылығымызды Елбасы мен мемлекет басшысына апарып жеткізіңіз. Қазақ бауырлар сондай ынтымақты екенін, қазақ бауырлар сондай кең байтақ жері бар екеніне, сондай кең қазақ ағайындарға алғысымыз шексіз.

Сонымен қатар, жетекші партия Төрағасының бірінші орынбасары Атакент ауылындағы қоймада болып, күн-түн демей келіп жатқан көмекті қабылдап алып жүрген еріктілермен де жүздесті. Жастарға осындай қиын кезеңде елмен бірге болып, өз еріктерімен жанкешті еңбек етіп жүргендері үшін алғыс айтты. Жауапкершілігі мол жаңа буынның өкілдері алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларында «Nur Otan» партиясының тізімінде болуы керектігін жеткізді.

А. Төребекқызы