Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Сәуір айында жеңіл автокөліктердің сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге азайды

AstanaTV
15.05.2020ж. 20:00
3202
Сәуір айында жеңіл автокөліктердің сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге азайды

Сәуір айында жеңіл автокөліктердің сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге азайған. Бұл туралы Қазақстанның автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» хабарлады. Отандық зауыттардың жағдайы да мәз емес.  Толығырақ Әлішер Өмірзақтың репортажы.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Әлемдік экономиканың үлкен бір бөлшегі саналатын автокөлік саласы да соңғы айларды шығынға ұшырады. Коронавирустың салдарынан автозауыттар жабылып, сатылым көрсеткіші азайған. Қазақстанда сәуір айында жеңіл көліктердің сатылымы 6 есеге азайған. Бар-жоғы 950 көлік сатылған.

Төрт айдағы көрсеткіш те көңіл қоншытпайды, сатылым 18 мыңнан асады, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 3 есеге аз.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Ал жаңа көлік сататын автоорталықтардың жабық болуы қолданыстағы көліктердің сатылымына өз септігін тигізді. Мәселен құны 3 млнға дейінгі көліктер қымбаттаған, деп хабарлайды kolesa.kz порталы.


Мәселен мына графикада көрсетілген Audi-дің 91-шы жылы шыққан модельі 3,4 пайызға өскен.

Мамандар автокөлікті рәсімдеу онлайн жүргізілгендіктен сатылымға өз әсерін тигізді, қайта арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылып жатқандықтан баға қайта құбылады, дейді.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Соңғы күндері Шығыс Қазақстандағы жағдай да ұшығып тұр. Отандық көлік құрастыратын «Азия Авто Қазақстан» мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі маторлы көлік құрастыру бойынша арадағы келісім-шартты бұзды.

Оған себеп кәсіпорынның белгіленген уақытта келісімді орындамауы. Ал бүгін өткен жиналысында кәсіпорын әкімшілігі бұл жағдайдан кейін зауыттары жабылып, 5 мыңға жуық адам жұмыссыз қалатынын хабарлады. Дегенмен келісім-шартты қайта қарап, бастаған ісін жалғастыруға ниетті.
 
Ержан МӘНДИЕВ, «АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Карантин жеңілдеп, елордаға барып келіссөздер өткізуді жоспарлап отырмыз. Дұрыс шешім қабылдау үшін екі тараптың да пікірімен санасамыз. Министрліктің шешімі кәсіпорынның болшағын айқындайды. Біз құрылысты тоқтатпадық, жүріп жатыр. Уақытында аяқталмағанының өз себебі бар. Мысалы осы уақыт ішінде 3 рет девальвация болды. Автонарыққа соққы болды. Келесім қайта күшіне енбесе отандық автокөліктердің қымбаттауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Айта кетейік, отандық автонарықтың 70%-ы «Азия Авто Қазақстанның» өнімі. LADA, KIA, Skoda, УАЗ маркалы көліктерді шығарады. Алдағы уақытта бұл мәселенің қалай шелетіні белгісіз. Дегенмен отандық көліктердің бағасы қымбаттаса оның зияны қарапайым сатып алушыға тиеді. Таңдау шетелдік көліктерге түсетін болса отандық автонарықтың жағдай қалай болады?


Ә. Өмірзақ