$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада карантин басталғалы 2 миллионнан астам бетперде таратылды

AstanaTV
20.05.2020ж. 20:00
1918
Елордада карантин басталғалы 2 миллионнан астам бетперде таратылды

Елордада карантин басталғалы 2 миллионнан астам бетперде таратылған. Бұл туралы қала саябақтарына жүргізілген рейд кезінде белгілі болды. Полиция департаменті мен еріктілер жұртшылыққа санитарлық норма шарттарын түсіндіріп жүр. Саябақтарда серуендеуге рұқсат алған елордалықтар талаптарды қаншалықты сақтауда? Рейдке қатысып қайтқан әріптесім Ғалымжан Өтемісов осы сауалға жауап іздеді.

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:

Елде төтенше жағдай аяқталып, карантин жеңілдетілді. Алайда бұл қалыпты өмірге оралу дегенді білдірмейді. Себебі қауіпті індетті әлі күнге ауыздықтай алмай отырмыз. Карантин жеңілдетілгелі 2 ай бойы бос тұрған орталық саябақта адам қарасы көбейген. Сондықтан олардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында еріктілер бетперде таратып жүр. Ал сақтық шараларын сақтау сізбен бізге парыз іс.

Мамандар санитарлық ережелерді естен шығармауды сұрайды. Әйтсе де, оларға құлақ асып жатқандар аз.

БЛИЦ:

- Просто не удобно мне. Лицо давит.

- Посоветали не надевать маски.

- Керісінше қоғамдық орында адам көп жүретіндіктен тағып жүруді ұсынды ғой дәрігерлер?

- Не знаю никто не надевает.


Иә, бірі таза ауа жұтып жүрміз десе, екіншісі санитарлық норманы пысқырмайды. Тіпті індеттің барына мүлде сенбейтіндері де бар. Сондықтан еріктілер мен полиция өкілдері азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары карантин режимін бұзғандарға ешқандай айыппұл салынбайды деп отыр.

Азамат САДЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Бүгінгі таңда 250-ден астам жаяу патруль жұмыс атқарады. Бүкіл тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал заңнамаға байланысты жауапкершілікке тарту көзделмеген.

Прафилактикалық жұмыстарға қалалық штаб еріктілері де тартылған. Күн сайын 50-ге жуық адам тегін бетперделерді үлестіреді. Әнел Мансұрованың еріктілер қатарына қосылғанына 2 жыл болыпты. Карантин кезінде халыққа көмектесу азаматтық парызым деп санайды.

Әнел МАНСҰРОВА, ЕРІКТІ:

Біз тұрғындарға қоғамдық орындарда, магазиндерде басқа да адам көп жиналатын жерлерде санитарлық ережелерді сақтауға көмектесеміз.

Құзырлы органдар тұрғындардан талаптарды толық орындауды сұрайды. Коронавирустың таралу қаупі әлі сейілген жоқ. Егер де азаматтар сақтық шараларын орындамаса, қатаң режимге қайта оралуымыз да мүмкін дейді.

Ғ.Өтемісов