Шымкентте «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы әлі жалғасып жатыр. Бүгін қала іргесіндегі Елтай тұрғын алабына, көмек жеткізілді. Мұнда 13-мамыр күні толассыз жауған жауыннан, үйлер мен жертөлелерге су толған болатын. Ал халық қауіпсіз аумақтарға көшірілді. «Нұротандықтар» бұл жолы май, қант, ұн, макарон өнімдері секілді негізгі қажетті азық-түліктерден бөлек, бақша дақылдарын да беруді құп көріпті.
Батпа ҚАЛТАЕВА, ЕЛТАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Партиямызға рахметімізді айтамыз. Көп нәрсені әкеп жеткізіп жатыр. Былай былай біздер шыға алмай жатырмыз..Қазір коронавирус. Шәйімізға дейін әкеп беріп жатыр. Барлығы қажетті нәрселерді бізге жеткізіп жатыр. Бәрі де рахметін айтып жатыр.
Бұл науқанға еріктілер ат салысуда. Қоймаларда азық-түліктерді арнайы қораптарға бөліп, салып жатыр. Айта кетейік, партия белсенділерінің демеушілігімен ұйымдастырылған бұл көмек 1 мың отбасыға берілмек. Бүгіннің өзінде қаладағы төрт ауданға 400 қорап таратылды. Жалпы нұротандықтар тізімдегі көп балалы, аз қамтылған отбасыларға үш күн ішінде таратып шығуды жоспарлап отыр.
Мұратәлі ҚАЛМҰРАТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл отбасылар бұрын алмаған отбасылар, бірінші рет алып жатқан азаматтар. Осылай біз біздегі аз қамтылған отбасылардың барлығын қамтамасыз етуге тырысатын боламыз. Алдағы жоспар бізде өте көп. Көмектесем деген партия белсенділері жеткілікті.
А. Төребекқызы