Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Коронавирус жұқтырғандар көбейді

Коронавирус жұқтырғандар көбейді

COVID-19 пандемиясы өршіп барады. Тәулік ішінде 363 жағдай тіркеліп, рекордтық деңгейге жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің дәйегінше, вирустың өсім көрсеткіші 5 пайызды құраған. Ең көп жұқтыру фактісі Қарағанды облысында тіркелген. Ал Ақтөбе облысында көз жұмған науқастың ажалына коронавирус себеп пе? Дәрігерлердің шешімі қанадай? Әріптесім Асылбек Даниярдың репортажында.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Ақтөбеде коронавирусқа шалдыққан 71 жастағы науқас қаза тапты. Ол жұқпалы кеселді туыстарының бірінен жұқтырған. 19 мамыр күні денсаулығына шағымданған соң жедел ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер қосымша жүрек қан тамыры ауруларынан салдарынан, келесі күні көз жұмғанын айтып отыр.


Десе де марқұмның мүрдесін туыстарына әлі бермеген. Сақтық шараларын сақтау мақсатында толықтай залалсыздандырылғаннан кейін жерлеуге жібереді. Қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салуға тек ет жақындары ғана қатысуға рұқсат етілді.

Әсет ҚАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Тыныс алу жетіспеушілігі белгісінен емес күрт жүрек қан тамырлары жүйесінің жүректің тоқтауының белгілері пайда болды.Тромбоэмболиялық асқынумен асқынған.

Сонымен бірге, бүгін Ақтөбе облысында 2 айлық сәбиден коронавирус анықталды. Дегенмен індетті жұқтыру көрсеткіші Қарағанды облысында 7 пайыздан бірден 43,3 пайызға артты. Мамандардың айтуынша, науқастардың күрт көбеюіне дүкендер мен базарларда, кәсіпорындарда санитарлық ережелердің сақталмауы. Әрі тұрғындардың жауапсыздығы себеп. Дерттілермен байланыста болған адамдар саны 10 мыңнан асқанмен, карантин шаралары өзгеріссіз қалатын болды. "Қазақмыс" корпорациясының" Нұрқазған" кенішінде инфекция белең алып келеді. Мамандардың айтуынша, кәсіпорынның жұмысы 1- маусымға дейін тоқтатылды. 

Айгүл ШАТЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ ТАУАРЛАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚБ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

"Қазақмыс" корпорациясының Нұрқазған кенішінде COVID- 19 жайттарының 133 жағдайы тіркелді. Оның ішінде Теміртау қаласында тұратындары 41%, яғни 54 оқиға. Қарағанды қаласында 48 %- ды құрайды, 65 оқиға. Бұқар жырау ауданында 11 %, 14 оқиға. Байланыста болған адамдар саны 1515 адам. Байланыста болған адамдарды анықтау әлі де жалғасып жатыр.


Карантин режимі бірнеше облыста біртіндеп жеңілдетіліп келеді. Бірақ бұл кейбір кәсіпкерлердің көңілінен шықпаса керек-ті. Елордадағы 25, Алматы қаласындағы 93 нысанның санитарлық талаптарды сақтамағаны белгілі болды.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Денсаулық сақтау министрлігі вирус шарықтау шегінен өтті дегенімен жағдай күннен-күнге қиындап барады. "Коронавирус жоқ, өтірік" деген халықтың біршама бөлігі медициналық маскасыз жүргенін аңғару қиын емес. Еске сала кетейін, мемлекеттік бас санитарлық дәрігер індеттің таралуы үдей түссе, күшейтілген режимге қайта көшетінімізді ескерткен болатын.

А. Данияр