$494.87 €520.65 ₽4.91
×

140 млрд АҚШ доллары Қазақастаннан шетелге заңсыз шығарылған

AstanaTV
28.05.2020ж. 20:00
2217
140 млрд АҚШ доллары Қазақастаннан шетелге заңсыз шығарылған

Соңғы 20 жылда Қазақстаннан шетелге 140 млрд АҚШ доллары заңсыз шығарылған. Алайда бұл соманы әлі де нақтылау керек. Өйткені, мемлекет зерттеу жүргізбейді. Бұл аздай, мониторинг және бағалау жүйесі де жоқ. Ал келтірілген деректі "Tax Justice Network" халықаралық ұйымы ұсынған. Шетел асып кеткен миллиардтар жыры бүгін Сенат қабырғасында көтерілді.

Ольга ПЕРЕПЕЧИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

2015-2019 жылдар аралығында ұлттық және шетел валютасын қайтару талаптарын сақтамау фактілері бойынша 238 қылмыстық іс қозғалған. Олардың 170-сі құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды. Ақшаны заңсыз шығару фактісі бар, бірақ ол факт ұлттық заңнамада құқық бұзушылық ретінде қарастырылмайды. 

Сенатор келтірген 140 млрд долларды бұған дейін төменгі палата депутаттары да айтқан. Азат Перуашев бұл тақырыпты осыдан екі жыл бұрын көтерсе, 2014 жылы сол кездегі Бас прокурор Асхат Дауылбаев та дәл осы сомманы атаған еді.

Ә. Өмірзақ