$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркияда апатқа ұшырағандар бүгін азаматтық авиациямен жеткізілетін болды

AstanaTV
29.09.2017ж. 20:00
2556
Түркияда апатқа ұшырағандар бүгін азаматтық авиациямен жеткізілетін болды

Түркияда жол апатынан зардап шеккен жерлестер Қазақстан ұсынған санавиация ұшағынан бас тартты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов мәлімдеді. Олар төртінші жарақат алған адамға орын қарастырылмағандықтан, осындай шешімге келген. Өйткені жарақат алған жігіттің әйелі жүкті көрінеді. Барлығы бірге ұшып шығуды қалаған қазақстандықтар азаматтық авиация ұшағымен елге жеткізілмек. Олардың жол шығындарын Қазақстанның Түркиядағы құрметті Консулы Мехмет Исмайл өз мойнына алған. Олар Ыстамбұл арқылы Алматыға таңғы сағат 5-те ұшып келмек.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Өз бетінше жай рейспен Қазақстанға барам деген шешім қабылданып, сондықтан олар барлық рисктерді өзіне алады. Сонымен қатар, біздің консулдық бөлімі басшысының қолдауымен Кемер қаласы ауруханаларының сарапшылары біздің азаматтарымызбен бірге сол рейспен Алматыға дейін барады.

Қазақстандық 7 турист 21 қыркүйекте апатқа ұшырап, барлығы жарақаттанған болатын. Бұған дейін өздігінен жүріп-тұра алатын 3 азамат елге өздері оралған. Ал төсекке таңылған төртеуіне операция жасалған. Кейін біреуі амбулаторлық еммен ауруханадан жіберілген. Олар елге арнайы ұшақпен жету үшін көмек сұрап, ешбір құзырлы органнан қайыр болмай отырғанын хабарлаған еді.