Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Төбелестен ес жимаған жігіттің туыстары Президенттен көмек сұрайды

AstanaTV
02.06.2020ж. 20:00
4675
Төбелестен ес жимаған жігіттің туыстары Президенттен көмек сұрайды

Шымкентте төбелестен ес жимай кеткен 17 жастағы жігіттің туыстары, ел Президентінен көмек сұрайды. Олар тергеудің әділ жүргізілмей жатқанына ашынады. Айтуларынша үш бозбаланы жабыла соққан көрші ауылдың 20 жігіттінің барлығы бірдей тергеліп жатқан жоқ. Тіпті қылмыстық іс басқа баппен тергеліп жатыр деді. Ал, құзырлы орындар жақ ашпай отыр/

Үзілген үміт қана емес. Өрімдей жастың ғұмыры. Небәрі 17 жасында бақилық болған Абзал бүгін түнде ес жимаған күйі жан тапсырған. Ол төбелес кезінде басынан ауыр соққы алған. Марқұм қаралы отбасының төрт перзентінің екіншісі. Жүрегі қан жылаған ана елордалық дәрігерлер дер кезінде көмекке келгенде жағдай басқаша болар ма еді дейді.

Гүлбаршын ҚАДЫРҚЫЗЫ, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Мүмкін ертерек әрекет қылған кезде балам аман қалатын ба еді?.. өтінем сіздерден, барлығы жазасыз қалмасын. Жазасын алсын.

Марқұмның ет жақындарының құқық қорғау органдарының жұмысына да көңілдері толмайды. Абзалдың ағасы полиция оқиға орнындағы бейнежазбаларды алмады, куәгерлер дұрыс сұралмады деп санайды. Оның білуінше төбелес ішінде болған жиырмаға тарта адамның барлығы бірдей тергеліп жатпаған көрінеді. Тіпті қылмыстық іс мүлдем бөлек баппен тергелді деп санайды. Сондықтан қара жамылған отбасының ендігі үміті ел Президентінде.

Алмас ӨТКІРОВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ:

Бұл несчастный случай, 106 баптың 3 тармағы бойынша қозғалып жатыр. Маған «Убийство, адамды жауыздықпен өлтіру», 21 -ғасырда жауыздықпен өлтіру және группавой листпен өлтіру бабы бойынша қатаң түрде жазалауларын сұраймыз. Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Өзіңіз жеке қадағалауыңызға алып, сол жерде төбелеске қатысқан бүкіл кінәлілердің бәрі жазалануын қалаймыз. 

Оқиғаның куәгері Дулат Қамытбек Абзалдың бала күннен бергі досы. Сол күні биллиярд ойнауға үш жігіт болып шыққан. Бірақ көрші ауылдың жігіттері сөйлесуге шақырыпты. Айтуынша бұл жанжалға Абзал екеуінің қатысы жоқ көрінеді.

Дулат ҚАМЫТБЕК, МАРҚҰМНЫҢ ДОСЫ:

Ешкімнің қатысы болмады. Сол Ернар мен Абылайдың арасындағы төбелес болды. Біз шындықты айтқанда досы боп бардық. Ал былай Абзалдың басқамен шатағы жоқ. өзімен өзі жүрген бала еді. -Бекерден бекер кетіп отыр ғой енді? -иә. 

Еске салайын, өрімдей жастың өмірін қиған қанды оқиға мамырдың 22-нен 23-не қараған түні Маятас ауылың тұсында болған. Куәгерлердің білуінше үш адамға жиырмаға тарта жігіті жабылған. Абзалдың басынан ұрған. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бұл іске қатысты полиция әзірге жақ ашпай отыр. Баспасөз қызметі бауырынан айрылған Алмастың арызынан соң төрт күдіктінің қамауға алынғанын ауызша ғана айтқанмен сұқбат бермеді. Тіпті прокуратураға да сұраныс хат жолдадық. Алайда құзырлы орындардан да әзірге жауап жоқ. 

А. Төребекқызы