Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Полиция дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғады

Полиция дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғады

Шымкентте төбелестен ес жия алмай, о дүниеге аттанған 17 жастағы бозбаланың өліміне қатысы болуы мүмкін тағы адам іздестіріліп жатыр. Полиция күдіктінің кәмелет жасына толмағанын хабарлады. Бұған дейін сұқбат бермей келген құқық қорғау органының өкілдері бүгін арнайы брифинг өткізді. Шаһардың бас полицейі Ералы Жұмаханбетов бұл қылмысты өз бақылауына алғанын жеткізді. Айта кетейік, жәбірленуші тарап өздеріне 20 адам жабылғанын айтып келген. Бірақ бүгін құзырлы орын өкілдері бұзықылардың ұзын саны тоғыз деп отыр. Полицейлер төбелеске қатысқан бес сезіктінің қамауда отырғанын, өзгесі ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, марқұмның туыстары талап еткен Қылмыстық Кодекстің бабын ауыстыруға қатысты да пікір білдірді.

Ералы ЖҰМАХАНБЕТОВ ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі жағдайдың өзінде сол 106-ның 3-не кеп тұр ол. Заңды түрде шешім қабылданып отыр. Онымен прокуратура да бәрі барды, қызметкерлер бәрі көрді. Олар да тергеуге бізге қатысып жүр ғой. «Өлтіру» болатын болса біз енді прокуратурамен ақылдасып көрейік, ол ауыстыруға болады.


Сонымен қатар, дәрігерлерге қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Департамент бастығы бұған марқұмның туыстарының әлеуметтік желілерде дәрігерлер ісіне көңілі толмайтынын айтқан жазбалары негіз болғанын дәйек қылды.

Еске салайық, Шымкенттің іргесіндегі Маятас ауылының кәмелет жасына толмаған балалары арасындағы кикілжіңнен бір отбасы қара жамылды. 17 жастағы бозбала басынан алған ауыр соққыдан он күндей ес-түссіз жатып, аурухана көз жұмды.

А. Төребекқызы