Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Солтүстік Қазақстан облысында кен орнының қожайындары жаға жыртысып қалды

AstanaTV
03.06.2020ж. 20:00
3162
Солтүстік Қазақстан облысында кен орнының қожайындары жаға жыртысып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында кен орнының қожайындары арасында жанжал туды. Тараптардың жанжалы бейнетаспаға жазылып, дереу әлеуметтік желіде тарап үлгерді.

Төбелеске ұласқан дау Тайынша ауданындағы титан-цирконий кен орнында болды. 2004-жылы ашылған кәсіпорынның бүгінде жеті бірдей құрылтайшысы бар. Қожайындар компанияның табысын бөлісе алмағанға ұқсайды. Бір ымыраға келе алмаған соң, қарағандылық екі құрылтайшы күзет компаниясының қызметкерлерін шақыртып, кен орнына баса көктеп кірмекші болған. Бұған жергілікті жұмысшылар кедергі болды. Сол жерде 40 шақты адам жаға жыртысқанын полиция растады. Оқиға орнына дереу тәртіп сақшылары жетіп, жағдайды бақылауға алды. Қантөгістің салдарынан он адам дәрігердің көмегіне жүгінді. Бұл фактіге қатысты құзырлы орган қылмыстық іс қозғаған.

Еңбек СЕМБИН, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 бөлімі және 252 бабына сәйкес, яғни бұзақылық пен қызметтік бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелес барысында белсенділік танытқан 1994 және 1998 жылғы қос азамат ұсталды. Қазір тергеу жұмыстары қолға алынды.


А. Құрманкин