Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

АҚШ: Флойдтың өліміне қатысы бар полиция қызметкерлеріне айып тағылды

AstanaTV
04.06.2020ж. 20:00
2327
АҚШ: Флойдтың өліміне қатысы бар полиция қызметкерлеріне айып тағылды

АҚШ-ты дүрліктірген Джордж Флойдтың өліміне қатысы бар 4 полицейге айып тағылды. Олар, 25-тен 40- жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, толқыулар басылар емес.

Джордж Флойдтың өліміне қатысы бар полицейлерге 9 күн өткенде айып тағылды. Тәртіп сақшыларының төртеуі де осы күнде абақтыда отыр. Кеміл сомасы - 1 миллион долларға белгіленді.

Квинси МЭЙСОН, ФЛОЙДТЫҢ ҰЛЫ:

Әкемнен айырғандардың сазайын беру үшін отбасымызбен бірге ақиқатты дәлелдегіміз келді. Әкесіз қалғандар менің халімді жақсы түсінеді деп ойлаймын. Бізге қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтып, ризашылығымызды білдіреміз!


Флойдты тізесімен басып отырған Шовен 40 жылға сотталуы мүмкін. Қалған тәртіп сақшылары да оңай құтылмасы анық.

Кит ЭЛЛИСОН, МИННЕСОТА ШТАТЫНЫҢ БАС ПРОКУРОРЫ:

Іс бойынша барлық дәлелдерді мұқият зерттеп, танысып шығу үшін уақыт керек. Енді осы іске түзетулер енгізілгенін айтқым келеді. Флойдтың өліміне себепкер болғандар жазасыз қалмайды.

Ал, бейберекет АҚШ-та бүгін-ертең басылатын емес. Бұл митингілер билікті ғана емес халықты да шаршатқанға ұқсайды. Өйткені, митингтің атын жамылып тонаушылықпен айналысып жүргендер көбейді. Нью-Йорктегі Бруклин тұрғындары бұл іске губернатордың араласуын өтінген. Толқулардан ұсталып жатқандар да аз емес. АҚШ бойынша жиыны 10 мыңдай адам ұсталыпты.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Тәртіп орнататын заң орындалуы керек. Өйткені Флойдтың өлімін өз мақсатына пайдаланғандар мен елде бүлік салғандар азаяр емес. Қазір жағдай бақылауда.


Дональд Трамптың бұл үндеуі халыққа жақпағанға ұқсайды. Портленд пен Лос-Анжелесте ғана 10 мыңнан астам адам тағы көшеге шықты.

Д. Мұхаммедкәрім