Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Нұрсұлтан Назарбаев партияішілік іріктеу туралы қаулыға қол қойды

AstanaTV
04.06.2020ж. 20:00
2419
Нұрсұлтан Назарбаев партияішілік іріктеу туралы қаулыға қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев партияішілік іріктеу туралы қаулыға қол қойды. "Nur Otan" партиясы 17 тамыз бен 3 қазан аралығында праймериз өткізеді. Бұл туралы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек фэйсбук парақшасында жазды. Мақсат - алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін, бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау. Онда дәстүрлі дауыс берумен қатар онлайн-дауыс беруді де өткізу жоспарланып отыр. Жалпы праймериз өткізу ережесі ертең партияның ресми сайтында жарияланады. Ал қатысушыларды таяу уақытта оқыту басталады. Саяси менеджмент мектебі коммуникация, сайлаушылармен жұмыс жүргізу және басқа да тақырыптар бойынша онлайн-семинарлар ұйымдастырылмақ.

Ә. Өмірзақ