Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қосымша өкілеттілік беріледі

AstanaTV
04.06.2020ж. 20:00
2305
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қосымша өкілеттілік беріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қосымша өкілеттік беріледі. Мемлекет басшысы бұдан былай соғыс жағдайында әскери режим шараларын енгізе алады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов бүгін Сенат отырысында айтты. Ол жаңа құжатты депутаттарға таныстырды. Оның айтуынша, бұл бейбіт уақытта елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отырған қадам. Сонымен қатыр, жобада Үкіметтің құзыреттілігін арттыру да көзделген. Демек олар соғыс жағдайында министрліктерге қатысты жаңа ережелер бекіте алады. Майдандағы штатқа мемлекеттік органдарды көшіру де Үкіметтің құзырында болмақ.

Мұрат БЕКТАНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол бейбіт уақытта іске асырылады. Оған сәйкес, Президент соғыс жағдайы шараларын қолдану тәртібін айқындау, Қарулы күштер Жоғары бас қолбасшылығы ставкасы туралы, қорғаныс кеңестері туралы, соғыс жағдайы кезеңінде Үкімет қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту болып табылады.

А. Мүтәлі