$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қос жанарынан айырылған алматылық жалғызбасты анаға мүгедектігін растайтын анықтама қашан беріледі?

AstanaTV
08.06.2020ж. 20:00
4336
Қос жанарынан айырылған алматылық жалғызбасты анаға мүгедектігін растайтын анықтама қашан беріледі?

Қос жанарынан айрылған алматылық келіншек мүгедектігін растайтын анықтаманы әлі күнге ала алмай жүр. 15 жастағы ұлы асырап отырған зағип Қамаш Бекімбетова жайлы бұған дейін айтқан болатынбыз. Мектеп оқушысы сабақтан кейін көлік жуумен айналысып, анасын асырап отырғанын естіген жұрт, көмек қолын созуын тоқтатпапты. Әріптесім Әсем Лесбек кемтар жанға анықтама неге берілмей жатқанын анықтап қайтты.

Үш ай бұрын жалғызбасты ана Қамаш Бекімбетованың мына жалдамалы баспанасына бізде келген едік. Ол осы екі бөлмелі лашыққа 15 мың теңге төлеп тұрады. Бұдан бөлек жарық пен газға 4 мың теңге міндетті. Қос жанарынан айрылған келіншекке біз көрсеткеннен кейін қайырымды жандар талай көмек жасапты. Бірақ әлі күнге дейін мүгедектіктігін растайтын анықтама ала алмай жүр. 

Қамаш БЕКІМБЕТОВА:

Өздері алып барды мені, өздері көмектесті. Менің документіме көмектесті. Екінші глазной институтқа алып барды. Үшінші рет енді мына үй жағынан көмектісп жатыр. Сіздер келіп кеткеннен кейін біз қайттан тағы бардық қой сосын олар май айында деді. Майда барам июньда деді. Июньда барсам енді июльда деп тұр.

Зағип жанның барлық шығыны 15 жастағы ұлының мойнында. Санжар жалдамалы баспана, коммуналдық шығындар мен күнделікті тамақты да алады.

Санжар БЕКІМБЕТОВ:
 
Бір-екі сағатқа әрең жібереді олар. Айтып кетемін маманы поликлиникаға апарып қайту керек, пенсияға дайындап жатырмын деп. Көп-көп рахмет, Алла разы болсын, көмектесіп жатқандарға. Енді мүгедекдік пенсияға шығарып берсе жақсы болушы еді.

Аудандық аурухана дәрігерлеріне де жолықтық. Зағип жанға құжаттар рәсімдеу жасалып жатқанын айтты.

Дидар ЕРМЕНБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 36 ЕМХАНАНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Мүгедектік тобын анықтауға барлық құжаттарын дайындап жатырмыз. Арада кішкене бір ай көлемінде созылыс болды. Ол жаңағы әлемге әйгілі пандемия. Осы аз күн арасында мүгедектік тобын анықтап ары-қарай бізде емханада қолайлы кедергісіз ем қабылдауын қамтамасыз етеміз.

Демек, ақ халаттылар мүгедек екенін растайтын анықтаманы осы айда табыстаймыз деп отыр.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Айта кетейік, Бекімбетовтер отбасы осыдан 19 жыл бұрын елге көшіп келген. Ес білгелі тігіншілікпен айналысқан ананың екі көзі 5 жыл бұрын көрмей қалған.

Ә. Лесбек