Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Арыстағы жарылысқа қатысты сот басталды, - ҚР Қорғаныс министрлігі

AstanaTV
08.06.2020ж. 20:00
2178
Арыстағы жарылысқа қатысты сот басталды, - ҚР Қорғаныс министрлігі

Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа қатысты сот процесі басталды. Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаевтың айтуынша, жоғары лауазымды 16 әскери қызметкерДің үстінен іс қозғалды. АйыПталушылардың арасында Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары мен № 44-859 әскери бөлімінің басшылық құрамы бар. Оларға: оқ-дәрілерді сақтау кезіндегі Заң бұзушылықтар, қызметКе және өртке қарсы қауіпсіздік талапТарына немқұрайлы қарау сияқты айып тағылды. Еске сала кетсем, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 2019 жылы 24 маусым күні жарылыс болып, 3 адам қайтыс болды.

Бақыт ҚҰРМАНБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мамыр айында Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс фактісі бойынша сот процесі басталды. Қозғалған істер бір іске топтастырылды. Сот шешім шығарғанға дейін біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз. Бұл - соттың құзыреті.

Сондай-ақ, министрлік биыл Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында оқ-дәрі сақтауға арналған нысандар салуды көздеп отыр. Жоспарға сәйкес ол, 1-2 жылда салынып бітуі тиіс.

А. Данияр