Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда қайтыс болған адамдардың мәйітін өртейтін крематорий салынбақ

AstanaTV
08.06.2020ж. 20:00
3463
Алматыда қайтыс болған адамдардың мәйітін өртейтін крематорий салынбақ

Алматыда қайтыс болған адамдардың мәйітін өртейтін крематорий салынбақ. Жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 46 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Жерлеу рәсімімен айналысатын орталық өкілі оңтүстік астана тұрғындары арасында крематорийге сұраныс бар дейді. Мұсылмандар діни басқармасы мәйітті өртеу шариғат заңына қайшы екенін алға тартады. Тендердің қашан өтіп, кім ұтқанын зерттеп көрген әріптесім Әлішер Өмірзақ жалғастырады.

Бүгін қазақстандық интернет басылымдарда Алматыда крематорий салынатыны жайлы ақпарат тарады. Жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға тендер жарияланғаны жазылды. Ақпараттың анық-қанығын білу үшін қала әкімдігіне хабарластық. Бірақ жауапты тұлғалар сұрағымызға жауап бермеді. Кейін Goszakup.gov.kz сайтына кіріп, әлгі жарияланған тендірді таптық. Тапсырыс беруші "Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі екен. Крематоридің жобалық-сметалық құжаттарына тендер мамыр айының ортасында жарияланған. Жеңімпаз да мамыр айында анықталыпты: "DNT Center Stroy" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жобалық-сметалық құжаттарын дайындаудың өзіне 46 млн теңге жұмсалатын крематориге алматылықтар арасында сұраныс бар көрінеді. Бұл туралы жерлеу рәсімімен айналысатын орталық өкілі айты.

Есбол НҮСІПОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ «САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АРНАЙЫ КОМБИНАТЫ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Халықтың арасында сұраныс бар. Бағана айтқанымдай біреу шет мемлекеттен келеді, күлін шетелге алып кетеді. Осы тұғыда ыңғайлы. Бұл енді өзінің қалауы бойынша істелетін зат. Бізде крематория бар, жерлейтін жер жоқ, сіздерді өртейміз деп айта алмаймыз. Ондай заң да жоқ.

Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мәйітті өртеу шариғатқа қарсы екенін айтады. Басқарма жер жетіспеушілік мәселесін басқа да жолмен шешуге болады дейді.

Медет ҚҰРСАҚОВ, ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
 
Жер аз болса да оны өртеуге болмайды. Біздің шариғатымызда бір адам қайтыс болып, сүйегі шіріп, жоқ болып кеткен соң оның орнына басқа адамды жерлесе болады. Осылай жер мәселесін шешуге болады.

Кәрі құрлықтың бірнеше елінде, көрші Қытайда да крематорий бұрыннан бар. Ал біздің елде бұл мәселенің көтеріліп келе жатқанына шамамен жарты ғасыр болды. Алматы қаласының Алатау ауданында соғылуы тиіс крематорийдің құрылысы қашан басталып, қашан аяқталатынын қала әкімдігі жауап бергенде білеміз.

Ә. Өмірзақ