Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Азық-түлік бағасы 10,7%-ға қымбаттады

AstanaTV
09.06.2020ж. 20:00
3924
Азық-түлік бағасы 10,7%-ға қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы да шарықтады. Әсіресе, көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы айтарлықтай өскен. Елдегі қымбатшылық жайында бүгін Үкімет отырысында да айтылды. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың дерегінше, елдегі тауар бағасы соңғы 3 жылда бұлай көтерілмеген. Базардағы бағаны бағамдап қайтқан әріптестерімнің бейнематериалына назар аударсақ.

Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Біз дәл қазір Нұр-Сұлтандағы ірі базарлардың біріндеміз. Мұнда келген халық әдетте азық-түліктің қымбаттағынан бірден сезеді. Сонымен, мұндағы тауар құны қаншалықты өсіпті? Тұрғындар оны қалай қабылдап жатыр. Сұрап білейік!


Тапқан табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайтындар карантин кезінде тіпті қиналып қалдық деп отыр. Айтуларынша, бағасы күрт өскен тауарлардың қатарында қарақұмық, ұн, жұмыртқа, макарон, сары май мен сүт өнімдері бар. Жеміс-жидек пен көкөністің құны да айтарлықтай қамбыттапты. Бағаның бірден құбылуы саудагерлердің де қалтасын қаққан көрінеді. 

Халықта ақша жоқ. Сауда жоқ. Бәрі қымбаттап жатыр. Почти 90 процент қой. Көп нәрсе қымбаттап жатыр.

Өзіміздің жергілікті болмаса, шетелден келген тауарлар 5-10 пайызға қымбаттаған. Әсер етіп жатыр. Мысалы, бір қап алатын болса, қазір жарты қап алып жатыр. Ақшасына қарай алып жатыр да.

Елдегі қымбатшылық жайы бүгін Үкімет отырысында да сөз болды. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев азық-түлік жыл басынан бері  шарықтағанын мойындады. Бірақ көрсеткіш 10,7 пайыз ғана деді. Ал бұл соңғы 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш деп бағалады. Бас банкир қымбатшылық инфляцияның өсуіне де әсер берді, дейді.

Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Сарапшылардың пайымынша инфляция деңгейі жыл соңына дейін тағы көтеріледі. Демек азық-түлік бағасын тұрақтандыру Үкіметке оңай болмайтын сияқты. Күн жылып, көкеніс пен жеміс-жидек ерте пісетін Шымкенттегі баға қандай? Аймақтағы әріптесім кезек күтіп тұр. Айзада, сөз кезегі өзіңде.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә, Айя. Бізде әсіресе көкеніс пен бау-бақша өнімдерінің бағасы төмендей бастапты.

Шымкент базарларына жеміс-жидектердің дені Ташкенттен жеткізіледі. Күнгейге қарағанда көрші елде ертерек пісетіні белгілі. Соңғы бір аптада шекара асып келетін тауарларға жергілікті өнім нарықта бәсекелес бола бастады, дейді сатушылар. 

Умида ИБАТОВА, САТУШЫ:

Бізде бағалар бәрі түскен. Только болгарскийлер көтерілген. Олар қытайдың товарлары. Қалғаны бәрі местный и ценалары бәрі түскен. Мына черри -Ташкент, мынау местный. Ташкенттің өзін 1,5 мыңнан сатар едік, мың теңгеден сатып жатырмыз. -Алушы қалай?-Алушы жақсы, карантинде де жақсы.

Балжан МАЛИБЕКОВА, САТУШЫ:


Абрикостар 500 теңге болып жатыр. Күннен күнге піскеннен кейін түсіп жатыр кесірінше. Огурцы помидорлар да жергілікті уже- 250-300 теңге, нормальный ценасы, әлдеқайда түсіп жатыр. 


Тұрғындарды бәрінен бұрын күнделікті ас-ауқатқа қолданар пияз бен картоптың арзандай бастағаны қуантады. Жазғы өнім 180-200 теңгеден сатылып жатыр дәл қазір.
 
Гүлнұр ЕРЕЖЕПОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Хиджаптағы кейіпкер әлхамдилулла деп қосып сөйлейд.  Карантин басында сәл баға көтерілді, одан кейін баға тұр, әлхамдулилла. Доступно жақсы. Өзім тамақ істеймін, закуп күн сайын істеймін. Күн сайын базарға келемін.

Эльмира ӨСЕРБЕКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Карантиннің алдында қант кішкене ғана 50 теңге қымбаттады, сонымен қалып кетті ғой қант та, құмшекер де бәрі.-Басқалары? -Басқалары қымбат емес пока бізде. Ұн да арзан. Арзан ғой негізі бізде Шымкент.Овощтар да арзан.

Шаһарда ұн, ұн өнімдері, май-шәй секілді азық-түліктердің нарқында да өзгеріс байқалмайды.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Әзірге түспей тұрған былтырғы бау-бақша өнімдері секілді. Сәбіздің келісі 180 теңгенің шамасында. Дегенмен жақында жаздық өнім алмастырғасын баға бұрынғы қалпына келеді дейді сатушылар.

А. Төребекқызы, А. Мүтәлі