Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елорданың қақ ортасында көпқабатты үйден шу шықты

AstanaTV
10.06.2020ж. 20:00
5696
Елорданың қақ ортасында көпқабатты үйден шу шықты

Ауланы заңсыз қоршап алған. Елорданың қақ ортасында тұратын көпқабатты үйдің тұрғындары, көршілері үй ауласын рұқсатсыз меншіктеп алды деп шағымданды. ЖекеШелендіріп алған үй қожайыны бәрі заңның аясында жасалды деп, дес бермей келеді. Әкімдік не дейді? Тараптарды тыңдап қайтқан Айя Мүтәлі жалғастырады.

Қаланың қақ ортасында тұратын көршілердің жанжалдаспайтын күні жоқ.

Мұндағы дау-дамай осыдан 15 жыл бұрын басталған. Жергілікті тұрғындардың қарсылығына қарамастан, көпқабатты үйге іргелес жаңадан тұрғын үйдің бой көтеріпті. Олардың алаңдауына негіз де жоқ емес.

Валентина СТОШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Олар екі үйдің арасына балкон тұрғызып қойған. Оған түскен жаңбыр суы бізге қарай ағады. Содан үйіміз қайта-қайта дымқыл тартып, жөндеу жүргізе беруден шаршадық. Балконды алып тастауын, талай рет өтінгенміз. Кімге сеніп жүргендері түсініксіз. Әкімдік те, КСК-да еш шара қолданбайды.

Тұрғындардың айтуынша, жаңа нысанның қожайыны кезінде құрылыс саласында енбек еткен. Сондықтан да, "ешбір стандартты қамтымаса да, қаланың қақ ортасынан үй салып алды" деп отыр.

Марал ЖАНАЙДАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Олар жертөледен сауна ашып қойған. Одан шыққан су біздің үйдің астына қарай ағады. Ал суды сорғытайық десек, оған да мүмкіндік бермей отыр. Жертөленің кілттін бұзып, өздері құлып қойып қойған. Сонда бізді кім ойлайды? Үйіміз ертең құлап тынған соң, бірақ назар аударатын шығар.


Жергілікті жұрт салынып біткен үйді сүрілуге беруден аулақ. Бірақ, бассыздықтарға көз жұма алмай отыр. Жаңа баспананың иесі осыдан бір ай бұрын ауланы да меншіктеп алыпты. 

Роза АХМЕТЧИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Төзіміміздің таусылған жері дәл осы болды. Біздің балалар алаңқайы алып, үйлерін қоршап тастады. Қоршалған жердің ішінде «Су арнасының» нысаны да бар. Өз басым ол да бұларға қарайды дегенге сенбеймін. Мұның бәрін тексеру керек.

Наразы жұрт көршілерінің үйіне баса көктеп кіріп, үй қожайынын талап етті. Қожайын мұнда ешбір заңбұзушылық жоқ, дейді. Үй заңды тұрғызылған. Оны растайтын құжаттары да қолында.

Франц ВОЛЬСКИЙ, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ИЕСІ:


Мен құрылыс саласының құрметті азаматымын. Бұл жерде олардың өмір сүруіне кедергі келтіретін ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Олар жай ғана бізді көре алмайды. Қалада екінің бірі ауласын қоршап алған. Онда тұрған не бар? Бізде ауламыз ластана берген соң, осындай шараға бардық.
 
Мәселенің жай-жапсарын білу үшін алдымен «Су арнасына» хабарластық. Олар өздеріне тиесілі нысанды қоршауға рұқсат бермедік деп отыр. Сондықтан әкімдікке шығуымызды сұрады. Жергілікті билік те аула расымен де заңсыз қоршалғанын айтады. Ал үйдің өзі кезінде заңдастырылған. Бірақ қазіргі стандартқа сай келмейді деді.

Сексен ҚАБИЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. СӘУЛЕТ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі таңдағы ҚР Құрылыс нормасы ережелері бойынша өртке қарсы талаптарды қамтамасыз ету үшін ғимараттар арасында 6 м-ден кем болмайтын ара-қашықтың сақталуы қажет. + Мемлекеттік органдар, кеңселер және көпқабатты тұрғын үй кешендерінің аумағын қоршау ережелері, нормалары бойынша тыйым салынады.

Даулы мәселеге нүкте қою үшін екі жақ соттасуға дайын. Меншік иесі де алқа бидің шешімінен кейін ғана қоршауды алып тастайтынын жеткізді.

А. Мүтәлі