Астанада
тағы 15 көшенің жолы «бір бағытты» болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан»
партиясының тыңдалымында Астана қаласы әкімдігіне қарасты жолаушылар тасымалы
басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді.
Айта кетейік, кей
көшелердегі Bus Lanе жолағын тек кептеліс көп тудыратын уақыттарда енгізу
жоспарланып отыр. Мысалға, таңғы сағат 7-ден 10 сағатқа дейін және 17:30-дан
20:00-ге дейін. Осындай нақты уақыт енгізу қоғамдық көліктердің кестеге сай
жұмыс істеуіне мүмкіндік береді дейді ол. Сондай-ақ, Игенбердинов ел ішінде
"ЭКСПО көрмесі өткеннен кейін кей қоғамдық көліктерге арналған жолақтарды
алып тастауы мүмкін" деген әңгімені жоққа шығарды. Нәтижесінде қазір
Астанада қоғамдық көліктерге арналған Bus Lanе жолағы 23 көшеде бар. Оның жалпы
ұзындығы 76 шақырымды құрайды.
Бекмырза Игенбердинов, Астана қаласы жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы:
Біз
қазір Bus Lane жолағын қала көшелеріне бұдан әрмен енгізу туралы сөз етіп
отырмыз. Анализ бойынша алда тағы 15 көшені біржақты ету мәселесін
қарастырамыз. Бірақ бұл бірінші орында қоғам назарына ұсынылып талқыланатын
болады. Ең проблемалы көше қазір Сейфуллин және Уәлиханов көшелері. Бүгінгі
күні осы көшелерде қоғамдық көлік көп жүреді. Тек Сейфуллин көшесі бойынша 25
маршрут және Уәлиханов көшесі бойынша 24 маршрут жүреді. Бұл дегеніңіз қарбалас
уақытта 70 мың көлікпен кептеліп, 280 мыңға жуық жолаушы алып жүреді деген
сөз.