$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ҰБТ кезінде бейнебақылау құрылғылары арнайы жүйемен тексеріледі

AstanaTV
15.06.2020ж. 20:00
2785
ҰБТ кезінде бейнебақылау құрылғылары арнайы жүйемен тексеріледі

Ұлттық біріңғай тестілеу кезінде бейнебақылау құрылғылары компьютерлік жүйе арқылы басқарылады. Демек, тестілеудің әділ өтуін тек комиссия мүшелері ғана емес, арнайы алгортимге негізділген құрылғы автоматты түрде анықтай алады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты. Ол бақылау алқасына да тексеріс жүргізілетінін жеткізді. Осылайша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алып, науқанның әділ өтуін қамтамасыз етеміз деп отыр.

Дидар СМАҒҰЛОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әр аудиторияға бейнебақылау орнатылады. Және 25 тамызға дейін талдау жүргізіледі. ҰБТ ережелері бұзылған жағдайда, тестілеу нәтижелері жойылады. Сонымен қатар білім беру грантын тағайындау жайлы конкурс нәтижесі де жойылуы мүмкін.

Орталық басшысы ұлттық біріңғай тестілеу кезіндегі сақтық шараларына да тоқталды. Түлектер арасында екі метрлік арақашықтық сақталады. Талапкерлерге арнайы бетперделер таратылмақ. Әр оқушы 5 бақылау кезеңінен өтеді. Сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын арнайы дәлізді қою жоспарланып отыр. Ал термобақылаудан дене қызуы анықталған талапкерлер, сынаққа жіберілмейді деді. Олар карантин аяқталғаннан соң қайтадан тест тапсыруға мүмкіндік алады.

Ғ.Өтемісов