$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада коронавирус жұқтырған науқастарды жатқызатын ауруханада орын тапшы,- С.Қисықова

AstanaTV
17.06.2020ж. 20:00
2242
Елордада коронавирус жұқтырған науқастарды жатқызатын ауруханада орын тапшы,- С.Қисықова

Елордада коронавирус жұқтырған науқастарды жатқызатын орын тапшылығы туды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтты. Қосымша тағы 3 мекеме әзірленуде деді. Маусым басталғалы күніне күніне орта есеппен 500 науқас ауруханаларға түсетін болған. Оның жартысынан пневмания анықталып отыр. Тіпті, індетті анықтайтын тестті, бойында ауру белгілері байқалмаса, сондай-ақ науқаспен байланыста болмаса тапсыру қажеттілігі жоқ екенін айтты. Бүгінде зертханалардағы 20-дан астам қызметкер вирус жұқтырған. Сәуле Қисықова егер індет симтомсыз болса үйде емделуге кеңес береді.

Сәуле ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Отбасында дүрбелең туғызбай зертханалық қызметке ауыртпалық түсірмей, ешқандай себепсіз тестілердің қажеті жоқ. Сіз тек дәрігерлердің барлық ұсыныстарын орындауыңыз керек.

Ресми сандарға сенсек, ел бойынша COVID-19-ды 15500-ден астам адам жұқтырған. 9700 емделуші сауығып, үйіне босатылған. 88 науқас індет құрбаны болды.

А. Данияр