Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Батыс Қазақстан облысында оқушыны сабаған мектеп директоры қызметінен шеттетілді

AstanaTV
19.06.2020ж. 20:00
2089
Батыс Қазақстан облысында оқушыны сабаған мектеп директоры қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысында 11 сынып оқушысын соққыған жыққан мектеп директоры қызметінен шеттетілді. Енді ол педагогикалық салада лауазымды қызмет атқара алмайды. Сонымен бірге 2 жыл бойына кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуіне тиым салынды. Істі қараған судья, білім ошағының басшысына 202 мың теңге айыппұл салды.

Жанар ЕШПАНОВА, БҚО КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

БҚО білім басқармасының басшылығына осындай құқықбұзушылықтың алдын алу, өңір мектептерінде білім алушыларға қауіпсіз кеңістік қалыптастыру, сала қызметкерлері арасында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында жеке қаулы жолданды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайын бұған дейін "Astana Times", Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданындағы орта мектеп директорының қатігездігі жайлы көрсеткен еді. Тәртіп бұздың деп, 11-сынып оқушысын соққыға жыққан. Ашуын тізгіндей алмаған мектеп басшысы, жеңіл дене жарақатын салғанын естіген ата-анасы, мектеп директорын сотқа бергенін айтқан едік.

Е. Карин