Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Оралда 92 миллион теңгенің тауарын заңсыз шекара асырмақ болғандар ұсталды

AstanaTV
19.06.2020ж. 20:00
1465
Оралда 92 миллион теңгенің тауарын заңсыз шекара асырмақ болғандар ұсталды

Батыс Қазақстан облысында медициналық маска, көзілдірік, қолғаптар тиеген көліктердің жолы кесілді. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Ресейді бетке алған 7 жүк көлігін тексере келе, медициналық қорғаныш құралдарынан бөлек смартфон, планшет секілді гаджеттер де табылған. Департаменттің дерегінше тауарларлар Алматыдан тиеліп, шыққан. Жүк жөнелткендер табысын жасырып, салық төлеуден жалтарғаны да белгілі болды. Өйткені құжатты қолдан жасапты. Шекарадан табылған тауардың жалпы құны 92 миллион теңгеден асады. Енді айласын асырмақ болғандармен  облыстық экономикалық тергеу департаменті жұмыс істеп жатыр.

Ерболат ҒАЙНЕШОВ, БҚО МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


Барлық анықталған материалдары БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді. Бұл қазіргі іс-шаралар жүргізілу бабында жүргізіліп жатыр. Құжаттарының дұрыстығы нақты анықталуда.

Мамандардың айтуынша, дәл осындай заңсыздық мамыр айында да әшкере болған. 15 автокөлік ұсталып, жалған құжатпен шекара асырылмақ болған 1 миллиард теңгеден асатын тауар тәркіленіпті.

Е. Карин