Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мемлекет басшылары мен ел тұрғындары Н. Назарбаевтің тез сауығып кетуін тіледі

AstanaTV
19.06.2020ж. 20:00
2181
Мемлекет басшылары мен ел тұрғындары Н. Назарбаевтің тез сауығып кетуін тіледі

Коронавирус инфекциясын жұқтырған Елбасының денсаулығына әлем көшбасшылары да алаңдаушылық білдіріп, қолдау көрсетіп жатыр. Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан Президенттері, Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тілеп жеделхат жолдаған. Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған қажеттілік туындаған жағдайда, қолдағы мүмкіндігімен бөлісуге дайын екенін жеткізіпті. Ал, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев жан-жақты қолдау көрсетуге әрі жанынан табылуға әзірлігін білдірген.

 Реджеп ТАЙИП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сырқаттанып қалғаныңызды естіп, алаңдадым. Алладан шипа беруін тілеймін. Үнемі, күресте жеңіс табатыныңыз секілді бұл сынақты да артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін. Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда қолымыздағы барлық мүмкіндігімізбен жаныңызда екенімізді жеткізгім келеді.

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Осы бір қиын сәтте Сізге шын жүректен достық қолдау білдіргім келеді. Сіздің ерекше өмірлік қуатыңыз, сергек рухыңыз бен қажымас қайратыңыз Сізге вирусты қысқа мерзімде жеңуге көмектесетініне сенімдімін.

Шавкат МИРЗИЕЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сізге осы қиын уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді. Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін.

Ал, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков сырқаттанып қалған Елбасыға телефон арқылы хабарласқан.   Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Президентіне жылы лебіздері үшін ризашылығын айтып, бауырлас екі елдің арасындағы тату көршілік қарым-қатынас одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Бұдан бөлек, қазақстандықтарда кешелі-бері Нұрсұлтан Әбішұлына алаңдаушылық білдіріп жатыр. Жақында ғана су тасқынынан зардап шеккен мақтаралдықтар Тұңғыш Президентке үндеу жолдап, дертті еңсеруін тілеген. Қазақстан халқы Ассамблеясы да Елбасының еңселі істерін әріқарай жалғастыратынына сенім білдірді.

А. Мүтәлі