Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елде Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылмақ

AstanaTV
19.06.2020ж. 20:00
2053
Елде Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылмақ

Елде, Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылады. Мұндай шешім тұтынушылар үшін шаршы метрлердің құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Осылайша "Бәйтерек" холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев бюджет қаражатын үнемдейміз деп отыр. Ол шілдеде тұрғын үй операторларының санын қысқарту туралы заң күшіне енетінін еске салды. Бұл арқылы әкімшілік шығындар 40% - ға төмендеуі мүмкін-деді. Қабылданған шаралардың жай-жапсарын әріптесім тарқатады.

Бұған дейін тұрғын үй секторын дамытумен "Бәйтерек" холдингінің төрт компаниясы айналысты. Олар бірдей функцияны орындағандықтан бірыңғай оператор қажеттігі туындады. Тиісті заңға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда қол қойған еді. Енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен басқа еншілес ұйымдар бір орталыққа біріктіріледі.

Әнуар ОМАРҚОЖАЕВ, "БӘЙТЕРЕК" ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ " АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы заңға сәйкес "Бәйтерек" холдингінің 3 еншіліес ұйымы біріңғай операторға біріктіріледі. Олар: Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент және Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры. Сондай-ақ «Даму» қорының субсидиялау функциясы да осы операторға өтеді.

Әнуар Омарқожаев алдымен үй кезегінде тұрған азаматтар мен салымшыларды қаржыландырамыз деп отыр.  Ал 2021 жылдың қаңтарынан бастап Бірыңғай оператор құрылыс компанияларына да субсидия берумен айналыспақ. Сондай-ақ ол жыл соңына дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің базасында «Отбасы банкін» құруды жоспарлап отырмыз,-деді. Аталған банк қызметіне үйді есепке алып, оны бөліп беру кірмек.

Әнуар ОМАРҚОЖАЕВ, "БӘЙТЕРЕК" ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ " АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Нәтижесінде бірыңғай оператор қолжетімді тұрғын үймен қаматасыз етеді. Ал «Отбасы банкі» азаматтарға жеңілдетілген кредитті алуға жағдай жасайды.


Әнуар Омарқожаевтың айтуынша, Бірыңғай операторды құруға мемлекеттік бюджеттен қаражат жұмсалмайды. Керісінше бұл әкімшілік шығындарды 40% - ға қысқартуға мүмкіндік беретініне сенімді.

Ғ.Өтемісов